Қоғам

Жаңа желіге қосылады

Семей қаласының үш көшесінде сумен жабдықтауды жақсарту мақсатындағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл туралы қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі хабарлады.

Семейдің Пристанская, Дулатов және Байсейітова көшелеріндегі тұрғын үйлер мен ғимараттарды сумен жабдықтау желілері қайта жаңартылуда. Бүгінде тұрғындарға су ескі құбырлар арқылы беріліп отырғандықтан, ауызсу сапасы талап деңгейінде деп айтуға келмейді. Ал жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін тұрғындар жаңа желіге қосылып, сапалы суға қол жеткізеді. Өскемендік «ПромТехМонтаж» ұйымы мердігер болып табылатын  жобаның жалпы сомасы 460 млн. 801 мың теңгені құрайды.

– Жоба «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда. Жұмыс өндірістік жұмыс жоспарына сәйкес жүргізіліп жатыр. Жоба бойынша 1 километр 686 метр су құбыры желілерін жаңарту көзделген. Сондай-ақ жобаны жүзеге асыру аталған учаскелердегі апаттардың санын азайтуға көмектеседі. Тұрғындарда су бар, ол ескі құбыр арқылы беріліп жатыр. Жұмыс аяқталғаннан кейін біз оларды жаңа желіге қосамыз. Мұндағы желілер ескі, жиі үзілістер мен апаттардың алдын алу үшін оларды ауыстыратын кез келді. Құбыр тарту жұмыстары аяқталып, қазылған жерлер жабылған соң көшенің асфальт жамылғысы қалпына келтіріледі. Бүгінгі таңда асфальт сатып алу туралы келісімшарт жасалды, – дейді тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі  коммуналдық секторының басшысы Құралай Дүйсембаева.

Қазіргі уақытта жұмыстың 90 пайызы аяқталған. Жобаны қазан айында пайдалануға беру жоспарланған.

 Наргиза Омарқанова

Семей.

Осы айдарда

Back to top button