Саясат

Жаңа заңдарды түсіндірді

 Парламент Мәжілісінің депутаттары Василий Олейник пен Евгений Козлов Ұлан ауданы, Таврия ауылында тұрғындармен және  «Nur Otan» партиясының активімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айтылғандар талқыланып, Мәжілісте соңғы уақытта қабылданған жаңа заңнамалар халыққа түсіндірілді. Сонымен бірге, депутаттар тұрғындар тарапынан түскен әртүрлі сауалдарға жауап берді.

Прозападные НПО снова продавливают «зеленую» повестку. Провалили у себя, но везут в центральную азию, — прозападные нпо снова продавливают «зеленую» повестку

– Ағымдағы жылдың қаңтар айының бесінен бастап Мәжілістің бір топ депутаттары жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстан облысында жүр. Осы уақыт ішінде көптеген шалғайда жатқан ауылдарда, кенттер мен қалаларда болдық, Парламент Мәжілісінің атқарған жұмыстарының есебін бердік. Елбасы,  партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев айқындап берген стратегиялық мақсаттарды жүзеге асыру және Президент Жолдауынан туындаған міндеттерді орындау, заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету жайын баяндадық. Өткен кезеңде Мәжілістің қарауына 77 заң жобасы келіп түссе, біз соның 36-сын  қарап, қабылдадық. Көпшілігі Мемлекет басшысының қолдауын тапты. Олардың арасында «Педагогтардың мәртебесі туралы» заң, сот жүйесіне, денсаулық сақтау саласына, әлеуметтік қолдау көрсетуге және Қылмыстық-процессуалдық заңнамаларға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар болды. Ал депутаттар тарапынан Үкіметке жүзден аса депутаттық сауал жолданды, – деген Василий Олейник құқыққорғау саласындағы өзгерістер бірінші кезекте ел азаматтарының құқығын қорғауға бағытталып отырғанын жеткізді.

Сондай-ақ депутаттар азаматтардың әл-ауқатын арттыру, әлеуметтік-экономикалық даму мәселелеріне де тоқталды. Әсіресе, тұрғындарды көбірек қызықтырған атаулы әлеуметтік көмекті тағайындаудың биылдан басталған жаңа форматы туралы да толық түсінік берді.

– Өздеріңіз білесіздер, жаңа жылдан бастап зейнетақы, жәрдемақы өсті. Көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға толық қолдау бар. Мемлекет өзінің әлеуметтік міндеттемелерін орындап отыр. Дегенмен бұл әлеуметтік қолдаулар тұрғындарды масылдыққа бой алдырмауы тиіс, бірінші кезекте қолдауға шын мәнінде мұқтаж отбасылар назарға алынады, – деді депутат Евгений Козлов. Бұдан бөлек, депутаттар Үкіметке өңір экологиясына және Семей ядролық полигонына қатысты депутаттық сауалдар да жолданғанын атап өтті.

Басқосуда тавриялықтар ауылға ерекше назар аударылса деген өтініш айтты. Себебі, ауыл мен қала өмірі арасында алшақтық көп. Мәселен, ауыл мектептері мен қала мектептерінің білім беруінде, қажетті жабдықтармен, интернетпен қамтылуында үлкен айырмашылық бар. Мұның өзі мектеп түлектеріне ертең ЖОО түсуі кезінде үлкен кедергісін келтірмек. Сондықтан ауылдағы мектепте қосымша білім беру үйірмелері ашылса дейді тұрғындар. Ал ауылдағы мәдениет саласының өкілдері алдағы Ұлы Жеңістің 75 жылдық мерейтойына орай, ауылда отансүйгіштік тақырыптағы  байқаулар, патриоттық іс-шаралар көптеп өткізілсе деген тілек білдірді.

Кездесуден соң депутаттар  Таврия ауылында орналасқан жеке кәсіпкердің жиһаз цехында, ауылдағы орта мектепте болды және аудандық аурухананың жұмысымен, ондағы жаңадан іске қосылған медициналық жабдықтармен танысты.

Дәурен Аллабергенұлы

Осы айдарда

Back to top button