Қоғам

Жаңа маршруттық жүйе енгізілді

 Семей қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушы Нұрлан Серғазинов онлайн баспасөз мәслихатында  қоғамдық көліктердің жұмысы, жолдарды жөндеу, қар тазалау техникаларының қысқа дайындығы  туралы мәлімет берді.

 Міне, бір жылдан  астам уақыт бұрын  Семейде жаңа маршруттық жүйе енгізілді, аталған жүйе бойынша 42 маршрутта, үлкен, орта және кіші сыныптағы 355 техника қызмет көрсетуде. Тек, № 54 маршрут қана ерекше болып табылады. Үш тасымалдаушы қызмет көрсетуде: «Таксомоторный парк» ЖШС, «Семей» автобус паркі» ЖШС және «Semey Bus» ЖШС.

– Карантиндік шараларға байланысты маршруттағы автобустардың қозғалыстары өзгерді. Тұрғындар әлі күнге дейін қоғамдық көліктер толықтай тоқтап, тек кезекші автобустар жұмыс істеген уақытты естеріне алады. Бүгінгі күні автобустардың кешкілік және түнгі уақыттағы маршруттық қозағылыстары қалпына келтірілді, автобустар желіде сағат 21.30-ға дейін жұмыс істейді. Түнгі уақытта жолаушыларды тасымалдау деңгейі төмен, –  дейді Нұрлан Серғазинов.

Бүгінгі күні қалада 35 автобустық маршрут қозғалысын жүзеге асыруда, күнделікті желіде 212  көлік  жұмыс істейді.

Қалада тек автобустар мен маршруттар ғана жаңартылмай, автобустық аялдамалар да жаңартылуда. Биылғы жылы 12 аялдама павильондарын дайындауға және құруға бюджеттен 30 335 000 теңге бөлінді. Бұл туралы баспасөз мәслихатында жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушы Нұрлан Серғазинов хабарлады.

Қазіргі уақытта қалада 505 аялдама бар, олардың 307-сі әртүрлі аялдама павильондарымен жабдықталған. 45 аялдамада сауда павильоны орналасқан, павильон иелерімен аялдамаларға қызмет көрсету туралы келісім жасалған.

– Былтырғы жылы қалалық бюджеттен аялдама павильондарын жөндеуге 7 000 000 теңге бөлінді. Биылғы жылы 12 аялдама павильондарын дайындауға 30 335 000 теңге бөлінді. Жұмысты жергілікті мердігер ұйым «КАZТЕХЦЕНТР» ЖШС жүргізуде.  Бүгінгі күні жеті аялдама павильоны құрылды: Абай алаңы, Көпір, Протез зауыты, Волгоградская және Өрлеу көшелері бойынша Мешіт аялдамасында 2, Волгоградская көшесі бойындағы жаңа павильон. Қалған бес павильон 2020 жылғы 1 шілдеде құрылған,  – деді Нұрлан Серғазинов.

Аялдама пунктеріне жанасқан аумақты тазалаумен тұрақты негізде мердігер ұйым  – «Семей» көгалдандыру және көркейту жөніндегі МҚК айналысады. Сонымен қатар  аялдама пунктеріндегі автобустардың қозғалыстары туралы тақтайшалар әзірлеу жұмысы жүргізілді. Жалпы, бұл мақсатқа 10 288 000 теңге бөлінді.

Жолдарды жөндеуге  биыл  қалалық бюджеттен 13 млрд. теңге бөлінді.

– Ағымды жөндеу жұмыстарына 157,5 млн. теңге жұмсалды, жергілікті маңыздағы жолдардың ағымды жөндеуіне 87,5 млн. теңге, қала көшелеріне орташа жөндеу жүргізуге 1,2 млрд. теңге бөлінді. Үш көшеге жөндеу жүргізілді, бұл шамамен 15 мың шақырым  жол. Қаланың 16 көшесіне орташа жөндеу жүргізілді. Абайдың 175 жылдығына дайындалу шеңберінде әуежай бағытындағы жолға, Семей-Қарауыл тас жолында, сонымен қатар әуежайға жанасатын жолдарда жұмыстар іске асырылды. Бозтаев, Глинки, Қаржаубайұлы, Селевин және тағы да басқа көшелерде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Көшелерді жарықтандыру жұмыстары, жекелей алғанда, Селевин және Глинки көшелерінде жүргізілуде. Семей-Қарауыл тас жолында, сонымен қатар әуежайға баратын жолда жарық орнатылды. Қазіргі уақытта электрге қосуға дайындық жұмыстары атқарылуда – дейді Нұрлан Серғазинов.

Сонымен қатар «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы шеңберінде  Би Боранбай, Құрылысшылар, Кәрменов, Глинки, Цементшілер, Рысқұлов, Тұқай, Абай, Дулатов және басқа да асфальт салынбаған көшелерге орта жөндеу жұмыстарын жүргізуге республикалық бюджеттен 1,7 млрд. теңге бөлінді.

Жақын уақытта қалалық бюджет қарастырылады. Жиында айтып өткендей, алдағы жылға есептер дайын. Кішігірім жолдарды жөндеу жоспарлануда. Жолдарды жөндегеннен кейін жаңа маршрут шығару мәселесі қарастырылады.

Баспасөз мәслихатында  жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін  атқарушы Нұрлан Серғазинов хабарлағандай, қала қысқа 100 % дайын. 27 қазанда төтенша жағдайлар басқармасымен, жол полициясы және қаланың басқа қызметтерімен бірлесе отырып, қыс мерзімінде пайдаланатын жол техникаларына тексеру жүргізілді. Қалада 80  арнайы техника бар, олардың арасында автогрейдер, тиегіш, түкті сыпырғыш және құм себетін техникалар бар.

– Биыл «Семей тазалық» ЖШС-мен  үш жылдық келісім жасадық. Осы уақытқа дейін бұндай тәжірибе қолданылмаған. Жыл сайын конкурс өткізіліп, жеңімпаз тек бір жылға анықталған. Алайда үлкен қалалардың тәжірибелерін ескеріп, биыл конкурсты үш жылға ойнаттық. Кәсіпорынның дайындығы –  100 %. Техникаларда кішігірім ақаулар бар, алайда олар жуық арада шешіледі. Жолға себуге қажетті материалдар жиналған. Қысқа толықтай дайынбыз,  – деді Нұрлан Серғазинов.

Флора ЛЕВИНА

Семей.

Осы айдарда

Back to top button