Қоғам

Мектептерде жөндеу жұмыстары басталып кетті

Жаңа оқу жылына дейін Өскемендегі 25 білім беру мекемесінде күрделі немесе ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілмек.

Жөндеу көретін нысандар арасында 17 мектеп, Ахмер және Меновное кенттеріндегі білім беру мекемелері, Крупская атындағы интернат пен бірнеше балабақша бар. Бүгінде олардың кейбірінде тиісті жұмыстар басталып та кеткен.

Қалалық білім бөлімінің басшысы Ақерке Абылайханның айтуына қарағанда, биыл тізімге ілінген нысандарда санитарлық тораптар ауыстырылып, жаңа терезелер мен есіктер орнатылады. Сол сияқты ғимараттардың қабырғаларында пайда болған жарықшақтар жойылып, еден төсеніштері жаңаланады. Бірқатар нысанның шатыры жөнделеді.

Нұржан Кенжеұлы

Осы айдарда

Back to top button