Экономика

Өзекті мәселелер талқыланады

Экономикалық форум

Өзекті мәселелер талқыланады

Елордада 25-26 мамыр күндері Ұлттық экономика министрлігі, «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ (ЭЗИ), Боао азиялық форумының (БОАО) ұйымдастыруымен ІХ Астана экономикалық форумы өтеді.
“Жаңа экономикалық шынайылық: әртараптандыру, инновациялар және білім экономикасы” тақырыбында өтетін форумда тарихи бағыт бойында орналасқан елдердің ынтымақтастығы және болашақта бүкіл аймақтың даму траекториясын анықтайтын өзекті мәселелерді талқыланады деп жоспарлануда.
Маңызды басқосу барысында «Бір белбеу, бір жол» бастамасын Еуразиялық экономикалық одақпен ұштастыру және ШЫҰ», «Әлемдік энергетика және табиғи ресурстар саласындағы тұрақсыз жағдай», «Еуропа мен Азияның өндірістік мүмкіндіктер саласындағы ынтымақтастығы», «Энергетика және табиғи ресурстар саласындағы Азиялық серіктестік», «Еуропа мен Азияның инфрақұрылымдық сабақтастығы», «Еуропа мен Азия арасындағы экономикалық ынтымақтастық және сауда» тақырыптарында сессиялар өткізілмек.
Сессия жұмысына Үкімет өкілдері, саясат қайраткерлері, ҚХР, Ресей, Сингапур, Эстония, Латвия, Таяу Шығыс және Орталық Азия елдерінің жетекші сарапшылары қатысады. Сондай-ақ, бизнес өкілдері, халықаралық қаржы ұйымдары мен тәуелсіз сарапшылар қатысады деп күтілуде.

Шығыс-Ақпарат

Осы айдарда

Back to top button