ТОП

ЗАЙСАННЫҢ СУЫ НАРЫҚҚА ШЫҚТЫ

Пандемия кезіндегі қиындықтарға қарамастан облыс кәсіпкерлері қызметтің жаңа бағыттарын игеруді, жаңа өнім шығарып, жаңа тауарлар желісін жолға қоюды жалғастыруда.

Өңірлік кәсіпкерлер палатасы сол жаңа өнімдерді тұтынушыға жылжытумен, нарыққа таныстырумен белсенді айналысып, жаңа өнім иелеріне әлеуетті клиенттермен іскерлік байланыс орнатуға көмектесуде.

Палата директоры  Қайрат Мамырбаев осы мақсатпен Зайсан ауданындағы «Arna Minerals» ЖШС-де болып, жаңа өндірісті жолға қойған кәсіпкерлермен, жаңа өніммен танысты. «Arna Minerals» ЖШС екі айдан бері жаңа брендті артезиан ауызсуын шығарып келеді. Жобаға 1,65 млрд. теңге салынып, өндіріске бірнеше жергілікті тұрғын жұмысқа тұрған екен. Кәсіпорын соңғы технологиялық жабдықтармен жабдықталған, нысан толығымен табиғи газбен газдандырылған. Қазіргі уақытта өндірістік қуаты тәулігіне 20-25 текше метрді құрайды.

Шағын кәсіпорын суды түрлі көлемдегі полиэтилен және шыны шөлмектерге құйып, ел тұрғындары мен заңды тұлғаларына өткізеді. Алайда кәсіпорынның табыстылығы қажетті көрсеткіштерге жетуі үшін  өткізу нарығын ұлғайту қажет. Енді жаңа брендті сусындар METRO сауда желісінде, ADK СОО а-Store супермаркетінде, «Дос-Нар» жабық базарының аумағында орналасқан City Center-де саудаға шығарылмақ. Қазір жеткізілімдердің ықтимал көлемі, көтерме баға туралы келіссөздер жүргізілуде.

– Бұл migliore газдалған және газдалмаған табиғи ауызсуы – ультрафиолет сәулелерімен өңделген ерекше көзден алынған жоғары санат. Біз өнімді өзіміз сынап көрдік – судың жұмсақ және жағымды дәмі бар. Ендігі біздің міндетіміз – оларға «Казцинк», «Қазақмыс», «Полиметалл», «Бақыршық КБК» сияқты қала құраушы кәсіпорындарға кіруге көмектесу. Отандық өндірушілерді қолдау жөніндегі комиссия аясында біз осы кәсіпорындарға өнім жеткізу мәселесін шешетін боламыз, ары қарай жергілікті нарықта суды ілгерілету бойынша жұмыс жүргізетін боламыз, – деп түйіндеді кездесу нәтижесін өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Қайрат Мамырбаев.

Жергілікті кәсіпкерлер болашақта минералды суды Қытайға, Өзбекстанға, Қырғызстанға экспорттауды көздеп,   алкогольсіз сусындар өндірісін жолға қоюды жоспарлап отыр.

Жамал Ермен

 

 

Осы айдарда

Back to top button