Зайсанның аграрлық, өнеркәсіптік әлеуеті зор

Облыс әкімі Даниал АХМЕТОВТЫҢ Зайсан ауданында жұмыс сапарымен болып, бірнеше әлеуметтік және өндірістік нысанды аралағанын газетіміздің өткен санында хабарлағанбыз. Осы сапар барысында аймақ басшысы ауданда атқарылып жатқан жұмыстарды оң бағалап, тындырылуы тиіс міндеттерді нұсқады.
Облыс әкімінің бірінші барған нысаны – «Тарбағатай-Мұнай» ЖШС. Мұнда аймақ басшысы бірлескен компанияның өндірістік әлеуетімен танысып, жұмысшыларға жасалған жағдайды тексерді. Серіктестік 2006 жылдан бері көмірсутек шикізатын барлап, бұрғылау їшін 55,5 млрд теңге инвестиция құйған. Соның нәтижесінде Сарыбұлақ кенінен 4,3 млрд текше метр табиғи газ бен 48 млн. тонна ауыр мұнайдың қоры анықталған. Зайсан қаласы мен газ магистралінің жолындағы тоғыз елді мекенге көгілдір отын жеткізіп, Қытайға шикізат экспорттау їшін 92,5 шақырым құбыр тартылған. Компаниядағы 391 қызметкердің 130-ы облыс тұрғындарынан жасақталған.
Даниал АХМЕТОВ мұнайшылар кентіндегі жұмысшыларға жасалған жағдаймен мұқият танысты. Кенттегі жатақханалардың сыйымдылығы 200 адамға шақталған. Олардың әрқайсысында 56 адам вахталық режимде тұрады. Аймақ басшысы асханаға бас сұғып, ондағы ас мәзірімен танысты. Жатақхана қызметшілері әр жұмысшының бір кїндік тамағына 1200 теңге жұмсалатынын айтады. Облыс әкімі компанияның жұмысшыларға қалыпты жағдай жасап отырғанын атай келе, әлеуметтік серіктестік бағытындағы жобаларды көптеп жїзеге асыру керектігін жеткізді.
-Жұмысшыларға жасалып отырған жағдай қалыпты деңгейде деп айтуға болады. Ал жергілікті халықты әлеуметтік тұрғыда демеу тұрғысынан істеліп жатқан ауқымды жоба жоқ. Алдағы уақытта осы мәселеге баса мән берілетін болады, – деді Даниал АХМЕТОВ.
Қытайлық «Ертіс-ТЗ» корпорациясының директорлар кеңесінің төрағасы Ван Чжаньмин аймақ басшысына ауданға ауыл шаруашылық техникасын экспорттау жөнінде ұсыныс білдірді. Аталған корпорация Қытайдың Жеменей қаласы арқылы Зайсан ауданына тракторлар тасымалдау жобасын жїзеге асырмақ. Ол їшін өз бөлімшесін осында тіркетіп, Зайсан қаласында трактор құрастыруды көздеп отыр. Облыс әкімі бұл жобаны қолдауға болатынын айтты. Аудан әкімі Алмас Оңдақановтың айтуынша, компания бөлімшесін тіркеу жұмыстары аяқталған. Жыл аяғына дейін арнайы бөлінген орынға алғашқы трактор бөлшектері жеткізілмек.
Сапар барысында облыс әкіміне аудандағы балық өнімдерін қайта өңдеу жобалары да таныстырылды. Қарабұлақ ауылындағы «Балық Продукт Восток» ЖШС 2005 жылдан бері Еуропа елдеріне балық сїбесін экспорттап келген. Серіктестіктің Алматыдағы құрылтайшылары зауыттың өндірісін кеңейту їшін инвестиция құюға ниеттеніп отырса керек. Сол їшін облыс басшылығынан балық аулауға берілетін квота мөлшерін көбейтуді сұрап отыр. Аймақ басшысы әуелі құрылтайшы «Аква корм» компаниясының жобаға қанша қаржы құятынын, қанша қосымша жұмыс ашылатынын, облыс қоржынына тїсетін салық мөлшерін зерделеу қажеттігін орынбасары Дїйсенғазы Мусин мен ауыл шаруашылық басқармасына тапсырды. Ал квота мәселесі құрылтайшы компания нақты жоба ұсынып, қаржы құйғаннан кейін барып қарастырылатынын ескертті.
Ал «Шығыс» шаруа қожалығы жасанды су қоймаларында балық өсіру жобасын 2013 жылдан бері жїргізіп келеді. Жалпы айдыны 17,2 га аумақты алып жатқан тоғыз жасанды бөгетке бір млн тұқы дернәсілдері жіберілген екен. Бөгеттердің аумағы қоршалып, арнайы кїзет те қойылған. Шолақбұлақ, Казо өзендерінің суын бөгеу арқылы пайда болған тоғандардан жылына 100 тонна балық алатындарын айтқан Н.Миловацкий алдағы уақытта бөгеттер айдынының аумағын 50 гектарға жеткізуді жоспарлап отырғандарын жеткізді. Шаруашылық жетекшісі мұндай аумақ 300 тоннаға дейін балық аулауға мїмкіндік беретінін де айтты. Қоршалған аумақта ақылы балық аулау орындарын ашып, қонақжайлар салу, жеміс ағаштарының тәлімбағын құру да қарастырылыпты. Облыс басшысы аталған жобаның келешегі бар екенін атады.
Суармалы жерді соя өсіруге пайдаланып, талайға їлгі болған Болатбек Мизамханның «Жоңғар» шаруа қожалығы да облыс әкімі Даниал АХМЕТОВТІҢ назарынан тыс қалмады. Қожалық негізінен майлы дақылдар өсірумен айналысса да, картоп егіп, мал бағуды да қатар алып келеді. Өткен жылы 200 га алқаптың әр гектарынан 20 центнер соя алған шаруа биыл тїсім 25-30 центнерге жетуі мїмкін екенін айтады. Жобасын әуел бастан қолдап, жер бөлген аудан басшылығына ризашылығын білдірген Б.Мизамхан аймақ басшысына суарғыш техника алатын несиеге қолы жетпей отырғанын жеткізді. Айтуынша, кепілдікке қоятын мїлкі жоқ. Облыс әкімі жоғары өнімді соя еге отырып, оны арықпен суару тиімсіз екенін атап, жауындатып суаратын «Valley» айналмалы қондырғысын лизингке алу керектігін айтты. Лизингке қол жеткізу мәселесінде ауыл шаруашылық басқармасы мен аудан әкімдігі қолдау көрсетпек. Аймақ басшысы аудан әкіміне бұдан былай суармалы жерді нақты жобасы бар, істе өзін дәлелдеген адамдарға ғана беруді тапсырды.
– Суармалы жерді нақты жұмыс істеп жїрген шаруаларға ғана беру керек. Бұрынғыдай сұраған адамның бәріне жер беруді доғару қажет. Ал «Жоңғар» шаруа қожалығына қосымша 200 га суармалы алқапты қосып беруге болады. Өйткені ол суармалы жердің қадірін біліп, оған жоғары өнімді дақыл егіп отыр, – деді облыс әкімі.
Өңір басшысы «СМУ-Шығыс» ЖШС-нің темір-бетон зауытын аралап, құрылыс материалдарының сапасымен танысты. Италияндық технология бойынша электр мұнараларын, жол бойындағы суағарлар мен жабын плиталарының тїр-тїрін өндіретін зауыт көрнекі плиталар шығаруды да қолға алған. Бїгінде аталған серіктестік темір-бетон өнімдері, кірпіш және тротуар плиталары сынды құрылыс материалдарының 150 тїрін Їржар, Аягөз, Зырян аудандары мен Өскемен қаласына саудалап, 600 адамды жұмыспен қамтып отыр. Облыстың бірнеше ауданында өндіріс ошақтарын да ашқан. Аймақ басшысы зауыт өнімінің сапасына жоғары баға бере отырып, облыс орталығының Славский атындағы жағалауды абаттандыру жұмысына «СМУ-Шығыс» ЖШС-нің көрнекі плиталарын пайдалануды тапсырды. Аудан орталығындағы орталық аурухана мен жедел медицицна кешенін аралаған облыс әкімі Сарытерек ауылындағы дәрігерлік амбулатория құрылысының басында болды. 2013 жылдан бері салынып жатқан нысанда тек медициналық қондырғылар орнату жұмыстары ғана қалыпты. Дайыр ауылында салынып жатқан Мәдениет їйінне де бас сұққан аймақ басшысы бұл нысанды жыл аяғына дейін тапсыру керектігін ескертті.
Аудандағы сїт өнімдерін шығаратын бірден-бір өндіріс ошағы – «Зайсан-сїт» ЖШС. Шағын зауыт кїніне 2,5-3 тонна сїт өңдеуге қауқарлы. Майлылығы әртїрлі қапталған сїттер, айран, май, ірімшік, балмұздақ шығаратын кәсіпорында 12 адам жұмыс істейді. Зауыт директоры Айдар Барысов шикізаттың жеткіліксіздігіне байланысты қондырғылардың қуаты толық пайдаланылмай отырғанын айтады. Бїгінде өндіріс орны тек мектептер мен балабақшалардың тапсырысын орындаумен шектеліп келеді. Облыс басшысы жалғыз шағын зауыт їлкен ауданның сұранысын қанағаттандыра алмайтындықтан жаңа тауарлы-сїт фермасын құру қажеттігін атап өтті.
Жұмыс сапарының соңында облыс әкімі «Икеп» шаруа қожалығының їн зауыты мен астық қамбасына бас сұқты. Қожалық жетекшісі Болат Нұрасыл зауыт ұн шығаруға қажет астықтың негізгі бөлігін өздері егетінін айтады. Меншігінде 9,5 мың га алқап, 340 сиыр, 100 бас жылқы бар қожалық 2010 жылдан бері ұн тартуға кіріскен. Зауыт тәулігіне 120 тонна астықты қайта өңдей алады. Қожалық базасында бидай және сұлы ұнын шығарудан бөлек астықты кептіріп сақтау бойынша да қызмет көрсетіледі. Ауданды азық-тїлікпен қамтамасыз ету мақсатында зауыт қоймасында айына тек бірінші сорттың 20 тонна ұны, жылына 300 тонна астық қоры сақталып отырады.
Аймақ басшысы зауыттың мїмкіндіктерімен толық танысқаннан кейін орталықтан шалғай Тарбағатай, Кїршім сынды аудандарға Семей мен Өскеменнен қарағанда Зайсаннан ұн тасымалдау әлдеқайда тиімді екенін атады. Облыс әкімінің орынбасары Дїйсенғазы Мусинге алдағы уақытта жергілікті тұрақтандыру қорлары арқылы аталған қожалыққа жылына мың тонна ұн тапсырыс беру жөнінде тапсырма берді. Ал ауыл шаруашылық басқармасы қорға бөлінген ұнның сапасын қадағалауы тиіс. Болат Нұрасыл «Икептің» ұнына көршілес Қытайдан да їлкен тапсырыс тїскенін айтады. Мұндағы ұнның ешбір химиялық қоспасыз, табиғи жағдайда алынатынына көз жеткізген оңтїстік көршілеріміз жылына їш мың тонна ұн сатып алуға ниет білдіріпті. Бұл келісімге қол жеткізу їшін әуелі екі елдің құзырлы органдарынан рұқсат алу керек болып отыр.
Зайсан ауданына жасаған жұмыс сапарын қорытындылаған аймақ басшысы атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын берді.
– Ауданның аграрлық және өнеркәсіптік әлеуеті зор. «Тарбағатай-Мұнай» ЖШС 10 жыл бойы атқарған жұмыстарын жетілдіріп, алдағы уақытта өндіріс көлемін кеңейте тїсуі керек. Ол їшін барлық мїмкіндіктер бар. Суармалы жерді тиімді пайдалану бойынша жағымды їлгілер бар ауданда. Бұл бағыттағы жұмыстарды жалғастырып, жер бөлу мәселесінде нақты жұмыс істеп тұрған жобаларға басымдық берілуі керек. Зайсан ауданында жаңа тауарлы-сїт фермасын құрмай қаланың сїт өнімдеріне деген сұранысын қанағаттандыру қиын болады. Аудан басшылығына бұл жөнінде де тапсырма берілді, – деген облыс әкімі балық шаруашылығында басымдық қайта өңдеу жобаларына бағытталатынын ескертті. Балық шаруашылығындағы заңнаманың өзгеруіне байланысты саладағы тендерлердің тізгіні қайтадан жергілікті әкімдіктерге берілген болатын. Аймақ басшысы балық өңдеу жобаларын қолдау барысында жергілікті кәсіпорындарға бірінші кезекте көңіл бөлінетінін жеткізді.
Есімжан Нақтыбайұлы