Зайсаннан үш мың адам қатысады
«ЭКСПО-2017» сияқты халықаралық көрмелерге қатысу қай елдің болса да әлеуетін дүниежүзіне паш етуге берілген тамаша мүмкіндік деуге болады. Өйткені, елдерді достастыру, ауызбірлікке шақыру, инфрақұрылымдарды лайықты деңгейде дамыту – осындай көрменің басты мақсаты. Ал ЭКСПО-ны тмашалуға өз еліміздің азаматтары ынтығып отыр.
Осы орайда Зайсан ауданының әкімі Темірбек Қасымжановпен жақында телефон арқылы хабарласқан едік. Ол былай деді:
-ЭКСПО-ға біздің ауданнан үш мың адам барып, қазақ елінің ширек ғасыр ішінде қол жеткен табыстарын тамашалайды. Олардың Астанаға жетуі үшін автобустар бөлінді. Бір адамның барып-қайтуы небәрі бес мың теңге. Жақында ғана аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Зумрад Дүйсенбаеваның басшылық жасауымен, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Шаймардан Оралбаев, қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Қазбек Биқадамов, журналистер Ардақ Бөлдекбаева, Марат Салбанов, Зайсан «Жастар мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігі І, ІІ, ІІІ топ мүгедектерімен барып, қазақ өнері мен мәдениетінің жаршысындай болған «ЭКСПО-2017» көрмесінің әсем ғимараттарын, әрбір елдің «Болашақ энергиясы» тақырыбына арнап салған павильондарын тамашалап, келген соң өз әсерлерін жеткізді. Бұған қоса, Астана қаласының ерекше әсем көрінісін өз көздерімен көріп, тамашалап қайтты. Ол ол ма, ауданның бір мыңға жуық мектеп оқушылары, ардагерлер мен зейнеткерлер де белгіленген кесте бойынша рет-ретімен ЭКСПО-ны тамашалауға аттануда. Сонымен бірге, мемлекеттік қызметтегілер, аудан әкімдігінің барлық қызметкерлері де Астанаға аттанып, көрмені тамашаламақ.
«ЭКСПО-2017» – мем¬лекетіміздің мығымдығын, еліміздің еңсе¬лілігін, халқымыздың қо¬нақжай¬лы¬лығын, айналып келгенде ұлттың ұлылығын көрсетеді. Сондықтан да біздің тәуелсіз жас мемлекетіміз үшін «EXPO-2017» көрмесін өткізудің маңызы өте зор. Зайсандықтар мұны терең түсінуде.
Оңдасын Елубай
Зайсан ауданы.