
Қазақ даласының геологиялық қатпарынан әр дәуірден дерек берер тарихи тәбарак көп табылған. Әсіресе Алтай атырабы арғы дәуірлер мен бергі ғасырларға тән құнды дерекке бай. Соның бірі – оңтүстік Зайсан көлінен табылған девон дәуіріне жататын динозавр жұмыртқасының қалдықтары.
Бұл динозавр қалдықтарын оңтүстік Зайсан көліндегі Тайжүзген өзенінің аңғарынан 1957 жылы Виктор Ерофеев басқарған экспедиция құрамы тапқан. Олар осы Шығыс Қазақстан жерінің беткі қабатын, жалпы геологиялық тарихын зерттеу барысында динозавр жұмыртқасының қалдықтарымен қатар, бірқанша археологиялық жәдігер тапқан.
Жалпы өлкеміздің жер беті бедерінің, климатының жануарлар əлемі мен өсімдіктер дүниесінің ерекшеліктері девон дəуірінен басталатыны белгілі. Зерттеушілер жасы 400 млн жылдан асатын ұлулар, брахиоптар, мүкденелілер сияқты теңіз түбінің тіршілік иелері, таскөмір жəне үштік дəуірлердегі өсімдік қалдықтары мен таңбалары, мезозой дəуірінің бор кезеңіндегі динозавр жұмыртқаларының қалдықтары, мұз басу жəне кайназой кезеңдеріндегі жануарлар сүйектерінің қалдықтарын тапқан. Сол қатарда табылған динозавр жұмыртқаларының қалдықтары саз тастарға көмілген. Қалдық табылған аумақта динозаврлардың төрт түрі болса, зерттеушілер жұмыртқа қалдығына қарап, ең кішкентайы ит мөлшеріндегі динозавр болғандығын анықтаған. Оған жұмыртқаларды пайдаланып зерттеу жүргізген. Табылған қалдықтар негізінде зерттеу жүргізген ғалымдар оңтүстік Зайсан көлінің аумағындағы динозаврдың ең үлкенінің көлемі жылқыдай болуы мүмкін деп жорамалдаған.
Бұл кезіндегі Кеңес одағының, қазіргі Қазақстан аумағында табылған алғашқы динозаврлар қалдығы болып тарихқа таңбаланған.
Бұлар өлкеміздің жер тілігінде сақталып қалған девон жəне карбон шөгінділерінің аралық межесін анықтауға мүмкіндік беретін, геологиялық құрылымдарды анықтауда басшылыққа алынатын брахиопод, трилобит, ретепорин тəрізді теңіз түбінің тіршілік иелері, яғни, геологиялық құрылымдардың классикалық түрі болып табылады.
Девон дәуіріне тән жәдігерлер мен динозавр жұмыртқасының қалдықтарын Шығыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайынан көруге болады.
Дайындаған – Қызырбек Дүргінбайұлы