Зайсандықтар әлі тойлатып жүр

ШҚО-да санитарлық нормаларды сақтамаған бірқатар дүкенге жарты миллион теңге айыппұл салынды. Әкімшілік жауапкершілікке сауда нысандарында маскалық режимді сақтамаған тұтынушылар тартылып отыр.
Өскеменде 5 ақпан күні азық-түліктік және азық-түліктік емес дүкендерде 32 тәртіп бұзу фактісі тіркелді. Салынған айыппұлдардың жалпы сомасы – 437 550 теңге.
Семейде сауда үйлерінде, базарлар мен қоғамдық көліктерде маскалық режимді бұзудың 13 жағдайы анықталды.
Риддерде 1 тәртіп бұзушылық анықталған. Қоғамдық орында маскасыз жүргендерге 43 755 теңге көлемінде айыппұл салынды.
Алтай ауданында 1 ереже бұзу фактісі тіркелді. Жеке қорғаныс құралдарын дұрыс тақпау бойынша 8 айыппұл салынды.
Аягөз ауданында М.М. Қанағат және Ж.Б. Исабекова есімді екі тұрғын әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Әрқайсына 43 755 теңге көлемінде айыппұл салынып отыр.
Бесқарағай ауданында маскалық режимді бұзу бойынша 1 жағдай тіркелді.
Глубокое ауданында маскалық режимді бұзған М.Я. Болысбаев пен Н.Е. Бондаренко есімді тұрғындарға 87 500 теңге көлемінде айыппұл салынды.
Зайсан ауданында көпшілік шара өткізу фактісі анықталды. Зайсан қаласындағы Жангелдин, 108 мекен-жайындағы қоғамдық тамақтану орнында құдалық той ұйымдастырылған. Айыппұл – 115 АЕК.
Шемонаиха ауданында 1 тәртіп бұзушылық тіркелді. Шемонаиха қаласындағы Капорин көшесінде орналасқан «Продукты» дүкенінде медициналық маскасыз жүрген тұрғын әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Didar ақпарат