ТОП

Зайсандағы бүлінген газ құбыры дереу жөнделді

Қаңтардың 27-сі күні кешкі сағат 19.30-да «Барыс көл» ЖШС экскаваторшысы Әлібек Өткелбаев көпір құрылысын жүргізу үшін жерді қазу барысында Зайсан ауданының тоғыз ауылын көгілдір отынмен қамтамасыз етіп тұрған жоғары қысымды газ магистралына байқаусызда зақым келтірді.

Соның салдарынан Айнабұлақ, Қаратал, Үлкен-Қаратал, Шалқар, Көгедай, Қайнар, Кеңсай, Жамбыл, Қарабұлақ елді мекендеріндегі 2105 абонентке газ беру шұғыл тоқтатылды.

Төтенше жағдайға байланысты аудан әкімінің басшылығымен қалпына келтіру жұмыстарын шұғыл түрде жүргізу мақсатында оқиға орнында штаб құрылды. Тиісті мамандар дереу іске кірісіп, алты мотопомпа, АЦ-40, 1 КУНГ, 50 техника, сондай-ақ «Барыс көл» ЖШС тарапынан барлық қажетті техникалар жұмылдырылды.

Бұған қоса аталған тоғыз ауылға көмір мен отын қорын тасымалдау ұйымдастырылды. Барлық үйлер апат кезінде автономды жылу көздеріне көшті. Бұл кезде Зайсан өңірінде ауа температурасы –17 градусты көрсетіп тұрған.

Бүгін таңертең, яғни 28 қаңтар күні сағат 8.00-де апат салдары жойылып, абоненттерді көгілдір отынған қосу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

“DIDAR” ақпарат

Осы айдарда

Back to top button