Қоғам

Зайсанда лицей, Дайырда балабақша ашылды

Зайсанда лицей, Дайырда балабақша ашылды


Бірінші қыркүйекте Зайсанда тұрғындардың мерейін өсірген қос қуаныш орын алды. Біріншісі – ұзақ жылдар осы білім ордасында директор болған, ұлағатты ұстаз, Ленин орденді Хапиза Мұстафина атындағы лицейдің ашылуы, екіншісі – Дайыр ауылындағы балабақшаның іске қосылуы.

Хапиза Мұстафина атындағы мектеп шәкірттерге сапалы білім, саналы тәрбие бергені үшін биыл лицей атағына қол жеткізді. Бұл білім ордасын аяқтаған шәкірттер өткен оқу жылында жоғары нәтижеге жетті. Білім күні ашылған салтанатта ауданның ардагер және қазіргі ұстаздары мен оқушылары қуанышты бірге бөлісті.

Дайыр ауылында бұрынғы ескі мектеп күрделі жөндеуден өтіп, 50 орындық жаңа балабақша іске қосылды. Ауылда мұның алдында тағы бір балабақша жұмыс істеп тұрған. «Балғын» атты балабақшаның салтанатты ашылуында аудандық мәслихаттың хатшысы Дәулет Ыдырышев, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Меруерт Қайрақова, мемлекеттік бағдарлама аясында ашылған балабақшаның директоры Әйгерім Айымбаева сөз алып, жиналғандарды құттықтады.

Оңдасын Елубай

Зайсан ауданы.

Осы айдарда

Back to top button