Қоғам

Зайсанда бір адам ғана маска тақпаған. Ал басқа қалаларда ше?

ШҚО тұрғындары санитарлық талаптарды сақтамай жүр. Тіпті ескертуді де құлаққа ілмей еркінсіп кетті. Осының салдарынан індетпен күрес шаралары да ұзаққа созылатын түрі бар.

Ақпанның 10-ы күні Өскеменде шектеу режимін бұзу бойынша 38 факті тіркелді. Сонымен қатар азық-түлік сататын және азық-түлік сатпайтын дүкендерде, қоғамдық көліктерде анықталған ереже бұзушылықтар бойынша айыппұл салынды. Сатушылар мен жолаушылар медициналық маска тақпаған. Салынған айыппұлдың жалпы сомасы – 87 510 теңге.
Семейде маскалық режимді бұзудың 10 жағдайы анықталды. 175 020 теңгеге төрт хаттама толтырылып, жалпы сомасы 685 495 теңге болатын тоғыз айыппұл салынды.
Дәл осы күні риддерліктер үш мәрте ереже бұзған. Сол баяғы маскасыз жүргендер. Тексеру нәтижесінде 87 510 теңге көлемінде екі айыппұл салынып, бір материал сотқа берілді.
Глубокое ауданында ғимараттың ішінде маскалық режимді бұзған А.Кашин есімді тұрғынға 43 755 теңге көлемінде айыппұл салынды. Далада маскалық режимді бұзу бойынша тағы тоғыз ереже бұзушылық анықталған.
Зайсан ауданында бір рет ереже бұзылған. Дүкеннің сатушысы маскасыз қызмет көрсеткен. Оған 15 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Балауса Мэлсқызы

Осы айдарда

Back to top button