Жол құрылысыОблыс әкімі: іссапарТОП

Зайсан халқын жол тауқыметі қинап тұр

Зайсан ауданына іссапармен барған ШҚО әкіміне тұрғындар өзекті мәселелерін жеткізді.

Қазір Зайсан ауданының тұрғындарын әбігерге салған мәселенің бірі – сапасыз жол, деп хабарлайды Didar ақпарат.

Фото: Шығыс ақпарат

Зайсан ауданын басып өтетін республикалық маңызы бар Омбы-Майқапшағай тасжолында қазір жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Алайда, жөндеу жұмыстары тұрғындардың наразылығын тудырған. Оның себебі, жолдың учаскілерге жөліне отырып жөнделмеуінде. Қазір мұндағы көлік қозғалысы айналма жолдар арқылы жүзеге асуда.

– Алдағы күндері жол мәселесі бойынша үлкен жиын өткізуді жоспарлап отырмын. Сол жерде жол құрылысына қатысты барлық мердігерлерді жинап, мәселені жеткіземін. Негізі жол құрылысына биыл қаражат бөлінген. Соның қалай жаратылғанын анықтау үшін тексеріс жүргіземін. Ал жергілікті жолдар бойынша алдын ала аудан әкімі жоспар дайындап бізге ұсынуы керек. ол жомпарға енсе, міндетті түрде жөнделетін болады. Бұл жолдардың маңызы ел үшін өте жоғары. Себебі, қытай мен ресей арасын жалғайтын ең қысқа маршрут. Бұл жол арқылы сауда-саттық қатынасын дамытуға зор мүмкіндік бар, -деді аймақ басшысы Ермек Көшербаев.

 

Ынтымақ Толқын

Осы айдарда

Back to top button