Қоғам

Зайсан ауданына жаңа әкім тағайындалды

Зайсан ауданына жаңа әкім тағайындалды

Облыс әкімі Даниал АХМЕТОВТІҢ өкімімен Темірбек Жұмақұлұлы Қасымжанов Зайсан ауданының әкімі болып тағайындалды. Кеше облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұрымбет Сақтағанов аудан активіне жаңа басшыны таныстырды.
Темірбек Жұмақұлұлы 1957 жылы 20-тамызда Зайсан ауданының Жарсу ауылында дүниеге келген.
1981 жылы Томск инженерлік-құрылыс институтын «инженер-құрылысшы», 1998 жылы Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін «инженер-экономист-менеджер» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын Зайсан ауданының «Қарабұлақ» совхозында жұмысшы болып бастаған. Институтты бітіргеннен кейін Шығыс Қазақстан облысы тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығының инженері, бас инженері болып жұмыс істеген.
Өскемен қаласы Октябрь аудандық әкімшілігі басшысының орынбасары, бірінші орынбасары болып, өзге де құрылымдарда қызмет істеген.
2001-2008 жылдар аралығында облыстық құрылыс және сәулет басқармасы басшысының орынбасары, басшысы қызметтерін атқарды.
2008 жылдың тамызы мен 2009 жылдың наурызы аралығында Өскемен қаласының, 2009 жылдың сәуірі мен 2013 жылдың мамыры аралығында Жарма ауданының әкімі болды. Одан кейін 2016 жылдың сәуіріне дейін Өскемен қаласының әкімі қызметін атқарды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

Осы айдарда

Back to top button