Облыс әкімі: іссапарТОП

Зайсан ауданын газбен қамту жұмыстары неге баяу?

Зайсан ауданындағы 8 ауылды табиғи газбен қамтамасыз ету жұмыстары басталған болатын.

Зайсан ауданындағы ауылдарға газ тарту жұмыстары баяу жүріп жатыр.Оның басты себебі мердігерлер арасындағы келіспеушілік, деп хабарлайды Didar ақпарат.

Зайсан ауданындағы 8 ауылды табиғи газбен қамтамасыз ету жұмыстары басталған болатын. Қазір тек Дайыр ауылында газ құбырлары тартыла бастаған. Ауыл тұрғындарының айтуынша, оның өзі өте баяу қарқынмен жүріп жатқан көрінеді. Оның үстіне халық мердігерлердің жұмыстарына көңілдері толмайтынын жеткізді.

– Аудандағы газ мәселесі өте өзекті тақырып. Алайда оны тарту барысында аздаған қиындықтар бар. Қордағы газ мөлшері ауданды газбен қамтамасыз етуге жетпеуі мүмкін. Біз халықты алдамауымыз керек. шындықты айтқан жөн. Жоспар бойынша «Тарбағатай Мұнай» компаниясының басшыларымен кездесемін. Сонда газдың қанша уақытқа жететіні туралы толық анықтайтын боламын. Кезінде 10-15 жылға жетеді делінген. Қазір табиғи отынның қоры азайып кетті деген де сыбыс бар. Соның анық-қанығын кездесу барысында анықтайтын боламын, -деді облыс әкімі Ермек Көшербаев.

 

Ынтымақ Толқын

Осы айдарда

Back to top button