Зауыт жұмысшыларымен әңгімелесті
Президенттікке үміткер Салтанат Тұрсынбекова Түркістан облысында болып, 1100-ге жуық адам еңбек ететін Кентау трансформатор зауытына барды.
– Сіздердің еңбектеріңіз заң деңгейінде еш депутаттан не шенеуніктен кем қорғалмауы тиіс, – деді кандидат.
Жұмысшылар Салтанат Тұрсынбековаға сайлауалды бағдарламасында әйелдердің зейнет жасын 58-ге дейін төмендетуді ұсынғаны үшін алғыс айтты.
Салтанат Тұрсынбекова Түркістан қаласындағы «Шапағат» мүмкіндігі шектеулі жандар қоғамдастығының «Ғиззат» мотивациялық орталығында болды.
– Жәрдемақы мен зейнетақы отбасылардың қарапайым қажеттілігін өтей алмайды. Мүгедек баласы бар анаға айына небары 52 мың теңге бөлінеді. Мүмкіндігі шектеулі жандарға инфрақұрылым да ойластырылмаған. Жағдайды өзгерту керек, – деген Салтанат Пархатқызы халықтың осы тобын қолдауға қаржы жеткіліксіз бөлінетінін айтты.