Қоғам

Заңсыз шырша кескендер жазаға тартылады

Заңсыз шырша кескендер жазаға тартылады

Облыс орталығындағы балабақшалар мен мектептер Жаңа жылға жасанды шыршаларды көбірек пайдаланып отыр.
-Былтыр Өскемен қаласы бойынша 144 тал шыршаға өтініш қабылдаған болатынбыз, биылғы тапсырыстардың саны әзірге 38 ғана. Оның ішіне Республика алаңы мен Комсомол аралында тұрған екі шыршаны қосыңыз,-дейді облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бас маманы Мейірғазы Қабдырғалиев.
Мамандардың айтуынша, сатылымға тек қылқан жапырақты ағаштардың бүрлері мен бұтақтары шығарылады. Оның өзі орман шаруашылықтарының арнайы рұқсатымен ғана. Әзірге базарларда жасыл бүр сатып отырған саудагерлер байқалмайды. Өткен жылы аталмыш бүрлердің бағасы 50-500 теңгенің айналасында болған.
-Қазақстан Үкіметінің №144 Қаулысына сәйкес Жаңа жыл қарсаңында қылқан жапырақты ағаштарды қасақана кескендерге айыппұл жазасы қарастырылған. Бір шырша үшін – 15 АЕК. Егер орман шаруашылығына айтарлықтай залал келтірілетін болса, қылмыстық іс қозғалуы да мүмкін,-дейді заңгер Оксана Валиева.

Дарын Нұрсапаров

Осы айдарда

Back to top button