Қоғам

Заңсыз қару-жарақтарды сатып алып жатыр

Ауданда «Халықтан заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды сатып алу» деп аталатын акция жүріп жатыр.

Онда аудан тұрғындары заңсыз сақталған қару-жарақ түрлерін өз еркімен тапсырған жағдайда қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады.

«Қару-жарақ заттарын тапсырғаны үшін қарудың техникалық жай-күйіне байланысты әрбір бірлігі үшін төлем тағайындалады, яғни 10-нан 50 айлық есептік көрсеткішке дейін (29 170 теңгеден 145 850 теңгеге дейін) ақшалай төлем төленеді», делінген хабарламада.

Егер сіздің үйіңізде заңсыз сақталған қару немесе жарылғыш заттардың түрлері болса, Аягөз қаласындағы полиция бөліміне әкеліп тапсыруыңызға болады. Есесіне қару-жарақтың құнын ала аласыз.

                                   

Берікхан Тайжігіт

            

Осы айдарда

Back to top button