Қоғам
Заңсыз балық аулағаны үшін үш жылға сотталуы мүмкін

«Құқықтық тәртіп» жедел профилактикалық іс-шарасын барысында заңсыз балық аулағандар ұсталды. Тәртіп бұзғандар 7 ақпан күні сағат 22:20 шамасында «Алматы-Өскемен» тас жолында құрықталған.
Бородулиха ауданының 43 жастағы тұрғыны 8 қап балықты тиеп алған. Келтірілген шығын 213 000 теңге. Тергеу кезінде балықты Семейге сатуға апара жатқаны белгілі болды.
– Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 335-бабы 1-бөлігі –«Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсiмдiктерін заңсыз алу» бойынша 43 жастағы ер адамға қылмыстық іс қозғалды. Ер адам 3 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, – деп хабарлайды ШҚО ПД баспасөз қызметі.