Қоғам

ЗАҢДЫ БҰЗҒАНДАР АЙЫППҰЛ ТӨЛЕДІ

       Облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау  басқармасы құрылыс субъектілеріне 200 млн. теңгеден астам айыппұл салды.

Құрылыс, сәулет қызметтері  туралы заң талаптарын бұзғаны үшін облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы өткен жылы 217 млн. теңгенің 921 әкімшілік ісін қозғап, 200,8 млн. теңгенің айыппұлын салған. Бұл туралы аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында МСҚБ басқармасы басшысының орынбасары Талғат Ахметов баяндады.

Қазақстандағы құрылыс жұмыстары «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметтері туралы» Заң және мемлекеттік құрылыс нормаларына сәйкес жүргізіледі. Құрылыстардың сапасына бақылау жасап, лицензия берумен, мекемелерді аттестатциялау, аккредитациялаумен МСҚБ басқармасы айналысады.

– Өткен жылы салынған 200,8 млн. теңге айыппұлдың 171,7 млн теңгесі өндірілді. Құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғандығы жөнінде хабарландыру қабылданғаны туралы 1573 талон берілді, соның 1317-сі жеке меншік нысан, 256-сы бюджеттік қаржыландыру бойынша салынатын нысандар – ,деді басқарма басшысының орынбасары Талғат Ахметов.

Басшы орынбасарының айтуынша, сәулет-құрылыс бақылаулары жоспардан тыс және алдын  ала бақылау, тексеру шаралары түрінде жүргізіледі. Жоспардан тыс тексеру, бақылау жүргізу жеке және заңды тұлғалардың арыз-шағымдары, прокуратура органдарының тапсырмасы бойынша, мемлекеттік органдардың жүгінуі мен  міндеттемелердің орындалуын тексеру аясында жүргізіледі. Құрылыс субъектілері көбінесе заңбұзушылықтарды құрылыс саласы заңдылықтарын жете білмегендіктен жіберіп жатады. Сондықтан құрылыс бастамас бұрын құрылыс жүргізудің, оны пайдалануға берудің негізгі ережелерін білу қажет.

Жамал Ермен

Осы айдарда

Back to top button