Қоғам

Заманауи құралдармен жабдықталды

Азамат Темірбеков

Биыл Алтай ауданындағы орталық қалалық емханада бірнеше кабинет кеңейтіліп, заманауи құрылғылармен жабдықталды. 

Бұл туралы ауданы әкімінің орынбасары Жанна Асқарова орталық қалалық емхананы аралаған кезде белгілі болды. Скрининг кабинетінің және стоматологиялық көмек көрсету бөлімінің жұмысымен танысқан әкімдік өкілі биыл кеңейтілген тәуекел факторлары мен ауруларды ерте сатыда анықтау үшін белгілі бір жастағы дені сау адамдарға профилактикалық медициналық тексеру жүргізуге арналған скринингтік кабинетті көріп қайтты.

Жалпы, скринингтік тексерулер ауруды ерте кезеңде немесе оған бейімділікті анықтауға, оңтайлы емдеуді таңдауға және алдын алу шаралары кешенін тағайындауға көмектесетіні белгілі.  Аталмыш кабинетке жаңа жабдықтар сатып алынды.

Сонымен қатар көптен бері жаңартылмаған стоматология кабинеті де биыл жаңа екі кресломен толыққан. Сапалы стоматологиялық қызметтерді ұсынуға мүмкіндік беретін жабдық әлемдік стандарттарға сай, қызмет көрсетуге жайлы. Оған қоса аталған медициналық мекемеде бір жасқа дейінгі балалары бар жүкті әйелдер мен басқа да санаттағы аналарға түрлі инфекцияларды жұқтыру қаупін азайту мақсатында бөлек фильтр бөлмесі ашылды. Бұған қоса ғимараттан арнайы балаларды дамыту бөлмесіне де орын табылып, әр ата-анаға өз баласының білім және басқа да дағдыларын, ой-өрісін сынап көруіне мүмкіндік жасалған.

Осы айдарда

Back to top button