Денсаулық сақтау

Заманауи қондырғы орнатылады

Аймақ басшысы Даниал Ахметов денсаулық сақтау басқармасының мамандарымен және дәрігерлермен Онкология және хирургия көпсалалы орталығына ПЭТ-КТ аппаратын орнату жобасын талқылады.

Ғимарат толық зерттелді, оны барлық стандарттарға сай ету үшін кеңейту қажет. Қазір жобалық-сметалық құжаттама және техникалық-экономикалық негіздеме жұмыстары аяқталуда, жақында жоба сараптамаға жіберіледі.

ПЭТ-КТ – онкологиялық және басқа ауруларды жоғары дәлдікпен диагностикалайтын рентгендік компьютерлік томографпен біріктірілген позитронды-эмиссиялық томограф. Сондай-ақ ол бізде бар жабдықтардың тізбегін толықтырады. Яғни, енді науқастар аймақтан тыс жерлерге бармай-ақ толық қызмет ала алатын болады.

– Біз бірден дәрігерлерді осы жабдықта жұмыс істеуге үйретіп жатырмыз, бізде 16 операциялық онколог жұмыс істеуде, олардың төртеуі жоғары технологиялық операциялар жасай алады. Бұл жоба облыс үшін ғана емес, бүкіл еліміз үшін маңызды, – деді аймақ басшысы.

Өкінішке қарай, онкологиялық аурулар – қазіргі әлемнің қасіреті. Жаңа жабдық қатерлі ісікті ерте анықтап қана қоймай, ауруы үшінші, төртінші сатыға жеткен науқастарға да көмектеседі.

 Ержан Кеңесұлы

Осы айдарда

Back to top button