Экономика

Заң бұзушылықты болдырмау үшін

Заң бұзушылықты болдырмау үшін
Облыстық ішкі мемлекеттік аудит департаменті камералдық бақылаудың көмегімен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының бұзылуына жол бермеу үшін белсенді түрде жұмыс істеуде.
Департамент бастығы Серік Мамаевтың айтуынша, автоматтандырудың арқасында бірыңғай мемлекеттік сатып алу веб-порталына күнделікті мониторинг жүргізу арқылы мемлекеттік аудитті қашықтан жүргізуге болады.
– Камералдық бақылаудың негізгі мақсаты – мемлекеттік сатып алу туралы заңның бұзылуын, объектінің бұзушылықты өздігінен жоюы арқылы олардың бастапқы сатысында алдын алу. Сонымен қатар бұзушылықты дер кезінде жойған жағдайда, айыппұлдардан босату көзделген, – деп түсіндіреді Серік Мамаев.
Департамент мамандары биылғы бірінші тоқсанның камералдық бақылау нәтижелерін қорытындылады. Мысалы, жалпы сомасы 219,1 млрд. теңгеге 41 674 мың мемлекеттік сатып алу рәсімі тексерілді. Камералдық бақылаудың қорытындысына сәйкес 838 лот бойынша 26,7 млрд.теңгеден астам сомада бұзушылық анықталды. Олардың әрқайсысына бұзушылықты жою туралы хабарлама жіберілді.
Ең жиі жасалатын бұзушылықтардың арасында – тапсырыс берушілердің заңнамада көзделмеген талаптарды белгілеуі, сондай-ақ әлеуетті өнім берушілерді шатастыратын шарттарды қою, өнім берушілердің конкурстық өтінімдерін қабылдамау себептерінің көрсетілмеуі немесе толық сипатталмауы, жеткізу мерзіміне 15 күнтізбелік күннен аз уақытты белгілеу, тікелей шарт жасасу арқылы бір көзден сатып алу әдісін негізсіз анықтау және т.б.
Бұған дейін ең елеулі бұзушылықтар негізсіз конкурсқа қабылдау немесе қабылдамау бойынша конкурстардың (аукциондардың) нәтижелерін қорытындылау процесіне қатысты болған.
– Ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап камералдық бақылау бойынша төртінші бағыт бойынша арыздарды қарау (қорытындыларға шағым жасау) уәкілетті органмен жүргізіледі, ал аумақтық бөлімшелер конкурстың (аукционның) басқа бағыттары бойынша және мемлекеттік сатып алудың өзге де тәсілдері арқылы өткізілетін сатып алулар бойынша өтініштерді қарастырады,– деді Серік Мамаев.
Оның деректері бойынша, департаментке үстіміздегі жылдың бірінші тоқсанында сатып алуды ұйымдастырушылардың әрекеттеріне 80-нен астам өтініш келіп түскен. Құқықбұзушылықтардың әртүрлі фактілері анықталған, соның ішінде 1 млрд. теңгеден астам сомаға екі ашық конкурстың негізсіз күшін жою. Шамамен 600 млн. теңге мөлшерінде бір конкурс бойынша тиісті құқықтық қабілеттілігі, материалдық және еңбек ресурстарына ие болу тұрғысынан, әлеуетті өнім берушіні
тиісті біліктілік талаптарына сай келуі ретінде негізсіз танылуы болды.
Сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының сақталмауына қатысты көптеген фактілер анықталған. Жылдың басынан бастап, жүргізілген аудиторлық іс-шаралар нәтижелеріне сәйкес, 6034,7 мың теңге сомасында 50 әкімшілік іс қозғалған.
Баға ұсыныстарын сұрату әдісімен өткізілген сатып алулар бойынша бұзушылықтар анықталуда. Сонымен, камералдық бақылаудың профильдері мен элементтеріне жатпайтын сатып алулар бойынша арыздар түскеннен кейін сатып алудың нәтижелерін жарамсыз деп тануға әкелетін, бұзушылықтарды анықтайтын аудит жүргізуге әкеп соғады.
Көбінесе, ұйымдастырушылардың немқұрайлылығына байланысты, мысалы, хабарландыруда өткізілетін сатып алу туралы, лицензияның болуы туралы белгі болмағандықтан, сатып алуға жеткілікті құқықтық қабілеті жоқ әлеуетті өнім берушілердің қатысуына әкеп соғады, нәтижесінде, тиісті лицензиясы немесе рұқсаттары жоқ өнім берушілермен келісімшарт жасасуға әкеп соқтырады.
Айта кетсек, барлық проблемалық мәселелер оларды талдаудан өткізгеннен кейін, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті арқылы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi департаментiне жіберіледі. Онда барлық ақпаратты терең талдаудан өткізгеннен кейін, қолданыстағы заңнамаға түзетулер дайындау арқылы дереу ықпал етеді.
Мысалы, ағымдағы жылдың ақпан айының соңында Қаржы министрлігімен тапсырыс берушінің тарапынан қосымша талаптарды белгілеуге рұқсат беретін жеке сатып алу тізімі бекітілді.
Осылайша, медициналық тексеру және тамақтануды ұйымдастыру бойынша қызметтерді тек қаланың, облыстың аумағында орналасқан компаниялар ғана көрсете алатын болды.
Бұған қоса, заңнамаға соңғы енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес, өнім берушінің тарапынан мерзімінен кешігумен байланысты талап-арыздардың саны азайды. Егер бұрын тапсырыс беруші келісімшарттың орындау мерзімін бұзған қатысушыға қатысты сотқа беруге міндетті болса, енді егер өнім беруші келісімшарттың орындау мерзімін бұзған, кейіннен өзінің міндеттерін тиісті түрде орындап, мерзімінен кешіктіргені үшін тұрақсыздық айыбын төлеген жағдайда және де жалпы алғанда бұның ешқандай жағымсыз салдары болмаған жағдайда, мұндай талап міндетті емес.
Егер қандай да бір фирма мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп танылса, онда заңға сәйкес оны «қара тізімнен» екі жылдан кейін ғана алып тастауға болады.
Фирмалар мемлекеттік саудаға қатыспас бұрын жұмысына сапалы талдау жүргізіп, заңнамалық базаның барлық ерекшеліктерін білуі қажет.
Бұл үшін Шығыс Қазақстан облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті ағымдағы кезеңде алты семинар өткізді, оның ішінде, облыс аймақтарына барды. «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңға, Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына, Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекске енгізілген өзгертулер түсіндірілді. Семинарға тапсырыс берушілер мен конкурсты ұйымдастырушылар, сондай-ақ өнім берушілер де қатысты, барлығы да ең өзекті сұрақтарға жауап алу мүмкіндігіне ие болды.

Бахыт Сарсембаева

Осы айдарда

Back to top button