Қоғам

Өз күштерімен мұз айдынын жасады

Өз күштерімен мұз айдынын жасады
Ақжар ауылындағы Абай атындағы орта мектептің оқушылары мен ұстаздары қысқы демалыс кезінде өздерінің қаражаттарымен мұз айдынын жасады.
Алдымен айдынды бірнеше рет тегістеп, су құйып, айналасын тақтайлармен қоршады. Қоршауды бояумен сырлады. Алты мыңға жуық тұрғыны бар ауылдағы үш мектептің оқушылары енді осы айдыннан шықпайтын болды. Бұл тамаша бастаманы қостаған аудандық білім бөлімі мұз қорабын тіркеуге алып, тұсаукесер рәсімін өткізді.
Мектептің хоккей командасына 1,5 миллион теңгеге арнайы киімдер мен коньки сатып алынды. Аталған білім ұясының оқушылары жаз шыға өз күштерімен шағын футбол алаңын салуды жоспарлап отыр.

Қадырбек Кәкімұлы

Тарбағатай ауданы.

Осы айдарда

Back to top button