Қоғам

Қызметкерлерінің 15 пайызын қысқартпақ

Қызметкерлерінің 15 пайызын қысқартпақ

Жер-жаһан

Қызметкерлерінің 15 пайызын қысқартпақ

Американың «Qualcomm» компаниясы қаржы үнемдеу мақсатында өз қызметкерлерінің 15 пайызын жұмыстан қысқартатынын мәлімдеді. Яғни, жақын арада осы кәсіпорында еңбек ететін төрт жарым мыңға жуық адам жұмыссыз қалайын деп отыр.
Осы арқылы компания басшылығы шамамен 1,4 миллиард доллар көлеміндегі қаржыны үнемдеп, келесі есепті кезеңге дейін кіріс мөлшерін ұлғайтуды жоспарлауда. Сонымен қатар, «Qualcomm» уақытша жұмыс күші сияқты өзге де шығындардан бас тартып, тағы 1,1 миллиард доллар үнемдемек.
Өндіріс орнының баспасөз қызметі хабарлағандай, алдағы уақытта компанияны қайта құрылымдау үдерісі де күтіп тұр.
«Qualcomm» чиптар мен мобильді құрылғыларға арналған түрлі компоненттерді, сондай-ақ, Nokia, Samsung, Sony, LG смартфондары мен планшеттері үшін процессорлар жасаумен айналысатын әлемдегі ең ірі компаниялардың бірі болып саналады. Оның штаб-пәтері АҚШ-тың Калифорния штатындағы Сан-Диего қаласында орналасқан.

Польшаға қаржылай көмек қажет

Дүниежүзілік банк Польша Республикасына жалпы сомасы 1,5 миллиард АҚШ доллары көлемінде қарыз бермек. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі хабарлайды.
Қаржы ұйымының мәліметіне сенсек, бұл соманың үштен екі бөлігі Польша экономикасын тұрақтандыруға бағытталған бағдарламаның екінші траншы ретінде аударылуда. Мамандардың айтуынша, бұл қадам елдегі жұмыс орындарын қысқартпауға және Польшаның экономикалық тұрғыдан алға басуына көмектеспек.
Сонымен қатар, банктің директорлар кеңесі еуропалық мемлекетке тағы 504 миллион доллар көлемінде қаржы беруді ұйғарды. Бұл ақша Одра мен Висла өзендерінің жағасындағы аудандар тұрғындарын топан судан қорғау жобасы аясында тапсырылмақ.
Польшаға берілетін қаржының бірініші бөлігі 30 жыл, екіншісі 29 жыл ішінде қайтарылуы керектігін айта кеткен жөн.

Алты жарым миллион адамға қауіп төніп тұр

Йеменнің 6,5 миллион тұрғынына аштықтан ажал құшу қаупі төніп тұр. Бұл жайында Oxfam қайырымдылық ұйымына сілтеме жасай отырып, Guardian газеті хабарлайды.
Аштықта өмір сүріп жатқан республика тұрғындарының 650 мыңы балалар, аяғы ауыр әйелдер және нәрестелі аналар екен. Британдық басылым таратқан мәліметке сенсек, бүгінде Йемен тұрғындарының тек 20 пайызы ғана қажетті азық-түлік тауарларымен қамтылған. Қазір аталмыш азиялық мемлекет 90 пайызға шетелден әкелінетін ішіп-жем өнімдеріне тәуелді.
– Йеменде 2014 жылы басталған азаматтық соғыс салдарынан күн сайын 25 мыңға жуық адам аштық зардабын тартушылардың қатарына қосылуда. Бұған елге азық-түлік тауарларының импорты толық көлемде жасалмай келуі де себеп болуда, – дейді Oxfam қайырымдылық ұйымының Таяу Шығыстағы бағдарламалары жөніндегі директоры Филипп Клерк.
Ұйымның зерттеулері бойынша, қазіргі кезде елдің 13 миллионға таяу тұрғыны азық-түлік өнімдерінің жетіспеушілігін сезінуде.

Шығыс-Ақпарат

Осы айдарда

Back to top button