Қоғам

Ынтымақ пен жасампаздық дәуірі!

Ынтымақ пен жасампаздық дәуірі!

Ынтымақ пен жасампаздық дәуірі!

Біздің ортақ жеңісіміз! Біздің таңдауымыз!

Өмір сүру жасының ұзақтығы 67,5-тен 70,5-ке дейін артты

Ынтымақ пен жасампаздық дәуірі!

Денсаулық сақтау саласындағы ең көрнекті индикаторлардың бірі орташа өмір жасының көрсеткіші болып табылады. Соңғы 25 жылдың ішінде Қазақстанда бұл көрсеткіш үш бірлікке артып отыр. Әлеуметтік маңызы бар аурулардың алдын алуға бағытталған заманауи бағдарламалар мен жоғары мамандандырылған дәрігерлік көмекті енгізудің нәтижесінде қазақстандықтардың өмір жасын ұзартып қана қоймай, оның сапасын жақсартуға да қол жеткізілді.

100-ден астам денсаулық сақтау нысандары бой көтерді

25 жыл ішінде Шығыс Қазақстан облысында 100-ден астам денсаулық сақтау нысандары пайдалануға берілді. Оның ішінде 14 аурухана, 4 медициналық бекет, 13 стоматологиялық клиника бар.
Өңірдегі маңызы зор екінші қала – Семейде медициналық кластер құрылды.
Қазақстанда ширек ғасыр уақытта қосымша 951 денсаулық сақтау мекемесі салынды.

Бала өлімінің көрсеткіші 2 еседен астам төмендеді

Әр елдегі бала өлімінің деңгейі медицинаның жеткен дәрежесін көрсетеді. Жеті жыл бұрын Қазақстанда тірі туылған нәрестелердің халықаралық талаптары енгізілгенде6 елімізде уақыты жетпей шетінеп кеткен шараналардың көрсеткіші бірден өскен болатын. Облыста 500 грамм салмақпен туған нәрестелердің өмірін сақтап қалу үшін қажетті медициналық құрал-жабдықтар алынып, неонатолог мамандар шақырылды.
1000 тірі туған нәрестенің өлім көрсеткіші 1991 жылмен салыстырғанда республика бойынша 25,3-тен 10,8-ге дейін төмендеді. Ал ана өлімінің көрсеткіші 100 мың анаға шаққанда 67,2-ден 12,6-ға дейін азайып отыр.
Облыста жоғары медициналық стандарттарға сай жабдықталған балалардың ауруларын бірлесе жүргізудің (БАБЖ) екі орталығы ашылды. Сонымен қатар тиімді перинаталды күтімнің (ТПК) екі орталығы жұмыс істейді.
Тек қана 2014 жылы 181 млн. теңгеге 57 медициналық құралдар сатып алынды, неонаталды медицина дамып келеді.

Денсаулық сақтау мекемелерінің саны 4 есеге артты

Қазіргі уақытта облыста амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін 700 ұйым, 92 стационар, төрт жедел дәрігерлік жәрдем мен санитарлық авиация ауруханасы, апаттар медицинасының ауруханасы, дәрігерлік оңалту мен қалпына келтірудің жеті мекемесі, паллиативті көмек пен медбикелердің күтімін қамтамасыз ететін, қан қызметін көрсететін үш денсаулық мекемесі жұмыс істейді.
Өңірде барлығы 186 денсаулық сақтау мекемесі тіркелген. Олардың 97-сі мемлекеттік, 89-ы жекеменшік болып табылады. Мемлекеттік тапсырысқа 150 ұйым тартылса, олардың 35 пайызы жеке меншіктің үлесінде.
Облыста алты трассалық дәрігерлік-құтқару бекеті жабдықталған
Бекет қызметкерлерінің шұғыл іс-әрекеттерінің нәтижесінде жол-көлік оқиғаларынан зардап шеккендерге дер кезінде көмек көрсетіледі. Олар ашылғалы бері 719 рет шақыртуға барып, зардап шеккен екі мыңнан астам адамға көмек көрсетті.

279 мыңнан астам шығысқазақстандық амбулаториялық деңгейде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіліп отыр

Елімізде науқастарды тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің амбулаториялық және стационарлық екі бағыты енгізілген. Амбулаториялық деңгейде әлеуметтік маңызы жоғары 45 дерт түрлері бойынша тегін дәр3-дәрмек беріледі. Олардың ішінде онкологиялық аурулар, қант диабеті, қан қысымының жоғарылауы сияқты дерттер бар.
Дәрігерлердің 20 пайызы жыл сайын қайта даярлаудан өтіп, өз біліктіліктерін арттырады
Жыл сайын облыстық денсаулық сақтау басқармасы жергілікті дәрігерлердің шетел клиникаларында біліктіліктерін арттыру мақсаттарына ондаған миллион теңге қаражат бөледі. Шығысқазақстандық дәрігерлер Израиль, Оңтүстік Корея, Германия, Беларусь, Түркия, Молдова, Литва, Швейцария, Грузия елдерінің клиникаларымен тығыз байланыс орнатқан.

Осы айдарда

Back to top button