Қоғам

Қымыз бен қойдың етін апарып берді

Тарбағатай ауданының әкімі Серікқазы Сәдуақасов тұрғындарға үндеу жолдап, коронавирус жұқтырған науқастардың тез сауығып кетуіне атсалысуға шақырды. Алғашқы болып өзі ауруханада жатқан науқастарға қымыз, құрт, ет сынды табиғи өнімдерді апарып берді.

– Бүгінгі таңда ем алып жатқан науқастарымызға сіз бен біздің жан-жақты қолдауымыз аса қажет. Әрине, бұл күрделі жағдайда ақ халаттыларымызға екі есе салмақ түсіп отырғанын баршаңыз сезіп-біліп отырсыздар. Осыған байланысты мынадай игі бастаманы қолға алдық. Ең бірінші, науқастарымыздың сырқатқа қарсы иммунитетін көтеру қажет. Сондықтан әр азамат өз еркімен, шын ниетімен ауруханада ем алып жатқандарға ет, сүт, шұбат, айран, қымыз, құрт секілді табиғи таза өнімдерді ретімен жеткізіп отырса деген тілек бар, – дейді әкім.

Аудан әкімінің үндеуін халыққа қызмет көрсету орталығы және Маңырақ ауылының белсенді жастары да ары қарай жалғады. Олар да  табиғи тағамдарды Ақсуат, Ақжар ауылдарындағы ауруханаға жеткізіп берді.

Тасқын Болатұлы

Осы айдарда

Back to top button