Экономика

Қымбатшылықтың алдын алуды қадап тапсырды

Қымбатшылықтың алдын алуды қадап тапсырды

Әкімдігінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мәселесі бойынша облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұрымбет Сақтағановтың төрағалығымен облыстық штабтың отырысы өтті.

Нұрымбет Сақтағанов қаңтар-мамыр аралығында облыста тұтыну бағасының көрсеткіші 103,6 пайызды, азық-түлік тобы бойынша 104,7 пайызды құрағанын атап өтті.

Кеңесте кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы мемлекеттік сауда саясатын іске асыру бөлімінің басшысы Майра Нұрбаева әлеуметтік маңыздағы азық-түлік бағасын тұрақтандыруға байланысты атқарылып жатқан іс-шаралар туралы баяндады. Оның айтуынша, қазіргі күні қала, аудан әкімдіктері Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей Федерациясынан көкөніс, жеміс-жидек өнімдерін жеткізу мәселесімен айналысып жатыр. Сонымен бірге, әлеуметтік маңыздағы азық-түлік бағасын негізсіз көтермеудің амалдары жасалуда. Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаменті басшысының орынбасары Людмила Устьянцева да азық-түлік бағасын тұрақтандыру бағытында атқарылып отырған шараларды баяндады.

Облыстық штаб отырысын қорытындылаған облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұрымбет Сақтағанов қала, аудан әкімдеріне әлеуметтік маңыздағы азық-түліктердің әрқайсысының бағасын тұрақтандыру бойынша нақты іс-шаралар қабылдап, бағаны тұрақтандыру жұмыстарын күшейтуге тапсырма берді.

Жамал Ермен

Осы айдарда

Back to top button