«Әйгерім» фильмі мүгедек жандар жүрегіне үміт ұялатады
Семейде АТОМ жобасы аясында көптеген шаралар ұйымдастырылуда. Соның бірі – мүгедек жанның тағдырына арналған «Әйгерім» көркем фильмінің тұсаукесері №3 мектептің ғимаратында өтті.
– «Жас ұлан» киностудиясында түсірілген бұл фильмінің тәрбиелік мәні зор, адамдардың бір-біріне қамқор болуын және қоғамымыздағы мүгедек жандарға қарайласуға үйретеді, – деді тұсаукесер барысында №3 мектеп директоры Нұржан Ахметқалиев жоғарғы сынып оқушыларына. – Бұл фильм Қазақстан халқы Ассамблеясының тапсырысы бойынша түсірілген. Режиссері- Еркін Рақышев. Фильм жастайынан көзі көрмей қалған Әйгерім деген қыздың ауыр тағдырына құрылған. Әйгерім есейген шағында тігінші болып жұмысқа орналасады. Бірде ол қоларбаға танылған Ерлан есімді жігітпен танысады.
Айта кету керек, бұл фильмнің сценарийшісінің бірі – семейлік жас қаламгер, мүгедек жан Нұркен Бектас. Фильмді тамашалаған №3 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Гүлзия Дүйсенқызының айтуынша, осындай кино балаларды адамгершілікке тәрбиелейді, себебі фильмді тамашалап отырсаңыз, Қытайдан Лу деген дәрігер жаңа препарат ойлап тапқанын, оның Әйгерімге көмегі тиюі мүмкін екендігін айтады. Ерланның өзі жарымжан екендігіне қарамастан қаражатын Әйгерімнің көзінің еміне ұсынғандығына толқыған дәрігер отаны тегін жасайтындығын айтады. Фильм соңында жас қыздың көзі жазылып кеткендігін көрген оқушылардың да қуанышында шек болмады. Бұл тұрғыда 9 «а» сынып оқушысы Әсима Әлібекова, 8 «б» сынып оқушысы Ақсәуле Карибаевалар адам өз сенімін ешқашан жоғалтпау керектігін осы фильмнен үйренуге болатындығын тілге тиек етті.
Раушан Нұғманбекова
Семей.