Экономика

Ұялы байланыс қызметтері 15 пайызға арзандайды

Ұялы байланыс қызметтері 15 пайызға арзандайдыҚазақстандық ұялы байланыс операторлары қызмет көрсету ақысын 15 пайызға арзандатпақ. Бұл туралы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің төрағасы Болатбек Қуандықов мәлім етті.

Оның айтуынша, бүгінде елдегі ұялы байланыс қызметтерінің барлық түрлерінің бағасы ТМД мемлекеттерінің ішінде ең жоғары. Соған орай бағаны реттеу бағытында агенттік тарапынан тиісті шаралар жүзеге асырылып жатқан көрінеді.

Ұялы байланыс нарығындағы бәсекелестікті жаңа операторлар табу арқылы дамыту мақсатында агенттік тарапынан интерконнект мөлшерлемесінің бағасын төмендету жұмыстары жүргізілуде. Ағымдағы жылдан бастап ұялы байланыс операторларына қызмет көрсету құнын 15 пайызға дейін біртіндеп арзандату жөнінде тиісті құжаттар жіберіліп, хабарландырылған.

Дегенмен агенттік төрағасы жоғарыда аталған 15 пайыздық межеге нақты қай уақытта жететінін айтқан жоқ. Сонымен қатар, Көлік және коммуникация министрлігі бұл күнде ұялы байланыс қызметтерінің бағасына қайта сараптама жүргізу шараларын аяқтауға жақын қалды.

Шығыс-Ақпарат

Осы айдарда

Back to top button