Қоғам

XXI ғасыр имамы қандай болу керек?

XXI ғасыр имамы қандай болу керек?


ҚМДБ-ның Өскемен аймағы өкілдігінің мұрындық болуымен игілікті істер көптеп жүзеге асырылуда. Соның бірі аталған өкілдікке қарайтын қала-аудандар имамдарына арналған «XXI ғасыр имамы» атты шешендік шеберлік дәріс пен өзекті мәселелерді талқылаған алқалы жиын.

Жиын барысында өткен қасиетті Рамазан айында атқарылған жұмыстар қорытындыланып, алдағы міндеттер талқыланды.

– Біз қасиетті Рамазан айын жоғарғы деңгейде өткіздік. Биыл қабылдаған өкілдіктің негізгі бағдарламасы – «25жылдыққа 25 қадам» жобасы аудандарда сәтті жүзеге аса бастады. Бірнеше ауданда жас мамандарға арналып, баспана салынып жатыр. Кей жерлерде хатымхана құрылыстары пайдалануға берілсе, кейбір аудандар мен ауылдарда құрылыс жұмыстары қолға алынуда. Міне бұл сіздердің дін жолындағы еселі еңбектеріңіз, – деп атап өткен өкіл имам Ермек қажы Тасболатұлы алдағы міндеттерге де тоқтала кетті.

Басқосу соңында барлық дін қызметкерлеріне нақты тапсырмалар беріліп, нәтижелі қызмет атқарған имамдар марапатталды.
Өңір имамдары үшін маңызы жоғары тағы бір шара – «XXI ғасыр имамы» деп аталған шешендік шеберлікке үйрететін дәріс. Дәрісті Астанадан арнайы келген шешендік өнердің маманы Ерлан Ахмеди жүргізді. Ол әріптестеріне сөз сөйлеу және қарым-қатынас мәдениеті, шешендер қолданатын әдіс-тәсілдер мен жаттығулар, аудиторияны меңгеру турасында бірқатар құнды кеңестер беріп, шешендік өнердің қыр-сырына үйретті.

Шараны ұйымдастырушы ҚМДБ-ның Өскемен өкілдігі қазіргі уақытта имамдарға қойылатын талаптар күшейгенін, соған сәйкес дін қызметкерлері заман талабына қарай өздерін ұдайы жетілдіріп отыруы тиіс екендігін айта келе, шешендік шеберлік дәрісі осы мақсаттарға орай іске асырылып отырғанын тілге тиек етті.

Шығыс-Ақпарат

Осы айдарда

Back to top button