Қоғам
Халықтың діни сауатын арттыру керек

15 ақпанда Дін істері комитеті Төрағасының орынбасары Ануар Хатиев ШҚО Дін істері басқармасы мен «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» ЖШС басшылығымен онлайн кездесу өткізді.
Онлайн өткен кездесуде А.Хатиев халықты ақпараттық-түсіндіру жұмыстарымен қамту көрсеткішін 70 пайызға жеткізу керектігін атап өтті.
Төраға орынбасары халық арасында зайырлылық қағидаттарын ілгерілетуге және дін саласындағы конфессияаралық келісім мен тұрақтылықты қамтамасыз етуге ерекше назар аударды.
Сонымен қатар, Комитет қызметкерлері діни ахуалға мониторинг жүргізуге, ақпараттық-түсіндіру және оңалту жұмыстарына байланысты бірқатар өзекті мәселелерге жауап берді.
Didar ақпарат