Халыққа қызмет көрсету орталықтарының бірі жабылады

Оңтайландыруға байланысты 11 наурыздан бастап Өскемен қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 159/4 мекенжайы бойынша орналасқан №4 халыққа қызмет көрсету орталығы қызметін тоқтатады, деп хабарлайды “Азаматтарға арналған үкімет” филиалының баспасөз хатшысы.
Карантин кезінде аталған орталық “Цифрлық сектор” ретінде электрондық қызметтер көрсетті. Анализ қорытындысы көрсеткендей, бөлімнің жүктемесі аз және онда жұмысты жалғастыру тиімсіз. Сонымен қатар, қала бойынша басқа орталықтарда өзіне-өзі қызмет көрсету секторларындағы компьютерлер саны артты.
Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың қараша айынан бастап барлық халыққа қызмет көрсету орталығында өзіне-өзі қызмет көрсету секторының жұмысы қайта жанданды. Кез келген азамат электрондық мемлекеттік қызметтерді орталық ғимаратында өз бетінше, кезек брондаусыз ала алады.
Орталықтардың жұмыс кестесі: дүйсенбіден жұмаға дейін 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліссіз. Сенбі күні сағат 9.00-ден 15.00-ге дейін.
Жасын Қалибек