Қоғам
Халық саны 19 миллионға жетті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің тұрғындарының саны 19 миллионға жеткенін мәлімдеді.
– Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында Қазақстан халқының саны тарихи межеге жетті. Алматы облысында дүниеге келген Жәния Азаматқызы еліміздің он тоғыз миллионыншы азаматы ретінде тіркелді. Жәния — отбасында төртінші бала. Ата-анасы мен қазақстандықтарды осы қуанышпен құттықтаймын. Бауы берік болсын!, – деп жазды президент.