Қоғам

ХАЛЫҚ ӨЗІ ҚАДАҒАЛАЙДЫ

Көкпекті ауданында тұрғындарды таза ауызсумен қамтамасыз ету талай жылдан бергі күрмеулі мәселенің бірі болып келді. Қазіргі уақытта елді мекен тұрғындарын таза сумен қамту өз шешімін тауып жатыр.

Мемлекеттік “Өңірлерді дамыту” бағдарламасының аясында бүгінгі күні Көкпекті ауданының 11 елді мекенінде су құбыры желілерінің құрылысы жүргізіліп жатыр. Аудан әкімінің тапсырмасы бойынша су құбыры тартылып жатқан әрбір ауылда жергілікті тұрғындар жұмыс сапасын қадағалап отыруы үшін халықтық бақылау топтары құрылған. Қазіргі таңда халық көп шоғырланған Үлкенбөкен ауылына су  тарту жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары жыл аяғына дейін толық аяқталмақ.

Жамал Ермен

Осы айдарда

Back to top button