Халық батырлары миллион теңгеден алмақ
«Казцинк» 13 маусымда басталатын жыл сайынғы «Ізгі жүрек» сыйлығының іріктеу кезеңінің басталғаны туралы хабарлайды. Сыйлық Металлургтер күні қарсаңында бесінші жыл қатарынан өткізіліп келеді. Биыл ерлік жасаған жеңімпаздарға 1 000 000 теңгеден беріледі.
Дауыс беруге қатысу үшін кейіпкерлердің есімдері мен әңгімелерін іздеу басталды. Оның басталуына дейін біз әрбір шығысқазақстандыққа тәуекелге барып, басқа адамдарды құтқару үшін жанқиярлық көрсеткен қарапайым азаматтардың батыл әрекеттері туралы айтып беруді ұсынамыз. Ақпаратты PR@kazzinc.com-ға немесе компанияның @kazzinc_official instagram-аккаунтына жіберіңіздер.
Назар аударамыз:
– ШҚО-да 2021 жылдың маусымынан 2022 жылдың мамырына дейін болған құтқару жағдайлары ғана қаралады;
– барлық марапатқа үміткерлер ШҚО тұрғындары болуы тиіс;
– адамды құтқару фактісін құзыретті мемлекеттік органдар ресми түрде тіркеуі тиіс. Бұл өрт кезіндегі көмек, суға батып бара жатқан адамдарды құтқару, қылмыстың жолын кесу және басқалар болуы мүмкін.
13 маусым izgi-jurek.kz сайтында кейіпкерлер арасында онлайн-дауыс беру басталады, оларды шығысқазақстандықтар таңдайтын болады. Шілде айының басында қорытынды бойынша үш жеңімпаз жарияланып, Металлург күні қарсаңында 1 000 000 теңгеден табысталады.
Еске сала кетейік, өткен жылы мына азаматтар «Ізгі жүрек» сыйлығының иегері атанған:
– Диас Ағзамов пен Азамат Ибрайханов – Семейде төрт адамнан тұратын отбасын өрттен құтқарған екі полицей.
– Нұрбек Тоқышев – көршісін өрттен құтқарған ІІМ зейнеткері.
– Артем Боровиков – батып бара жатқан әйелді құтқару үшін мұзды Ертіске қарғыған 20 жастар студент.