ТОП

Халық әншісі Роза Бағлановаға арналған кеш өтті.

     Семейдегі «Көлік колледжінің» студенттері «Халқым деп соққан жүрегі…» тақырыбында халқы әншісі Роза Бағлановаға арналған кеш өткізді. Кеш мақсаты  Қазақстанның көрнекті әйелдері, оның ішінде әсіресе Роза Бағланова  туралы қызықты ақпарат беру болды. Роза Бағланова Отан соғысы кезінде майдан даласын аралап жүріп, өзінің әсем әндерімен сарбаздарға қолдау көрсеткен. Жеңіс күнін жақындатқан.

Кеш жүргізушісі Нұргүл Ерланқызы  қазіргі қоғамда  отбасының ұйытқысы болған әйел – ана олардың   өнерге белсенді араласуына қай кезеңде болмасын қолдау көрсету керектігін айтты. Қазақ халқына үлгі болар өнер иесі әрине, Роза Бағланова. Өз елі мен халқының даңқын шығарған Қазақстанның көрнекті әйелдерін де атап кету оырнды, олардың арасында саясаткерлер, қоғам қайраткерлері, Ұлы Отан соғысының батырлары, опера әншілері мен халық әртістері, атап айтсақ: Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Күләш Байсейітова, Бибігүл Төлегенова, Роза Бағлановалардың орны ерекше. Кеш барысында Роза Бағланова туралы көптеген мәліметтер беріліп, ол туралы шыққан кітаптарға қолдау жасалды.

Раушан Нұғманбекова, Семей

Осы айдарда

Back to top button