ӨнерТОП

Халық әнімен мәнерлеп сырғанады (видео)

Мәнерлеп сырғанаушы Ксения Панкратова Сібе көлінің бетінде сырғанады. Виолончелист Бағжан Октябрь халық әні «Ақбаянның» әуенін орындады.

– Бұл – арнайы жоба. Өнерпаздар Алматыдан шақырылды. Облысымыздың көрнекі жерлерін бүкіл жұртшылыққа таныстыру – біздің мақсат, – дейді облыстың туристік ақпараттық орталығының маманы.

Табиғи мұз айдынның бетіндегі музыкант пен спортшы жұбы көптің көңілінен шыққан сыңайлы.

Ал өнерпаздардың өзі «сулы қар жауып, мұз бетіне бұдыр қабыршақ қатып қалмағанда бұдан да жақсы шығаруымызға болар» еді дейді. Олар Қазақстанның көп жерінде кездесе бермейтін сұлу табиғатты қолда барында аялап, қоқыс төгіп ластамауға шақырады.

Тасқын Болатұлы

Осы айдарда

Back to top button