Вишневская алғашқы ондықта

Швецияның Эстерсунд қаласында биатлоннан Әлем кубогының бірінші кезеңі аяқталды. Аталмыш жарысқа Қазақстан атынан семейлік Галина Вишневская да қатысқан болатын.
Жарыстың соңғы күні 10 шақырымдық із қуу сайысында сынға түскен жерлесіміз тек оныншы нәтижені көрсете алды. Қорытынды есепте бірінші орын алған германиялық Дениз Херрманнан Галина 1 минут 41,8 секундқа қалып қойды. Екінші және үшінші орындарға франциялық Жюстин Бреза мен Марте Олсбю (Норвегия) көтерілді. Дегенмен, біздің биатлоншы жарысты 13-ші орыннан бастағанын ескерсек, бұл нәтиже де жаман емес екенін түсінуге болады.
Естеріңізге салайық, осыдан берер күн бұрын Вишневская Әлем кубогының кезеңі аясындағы супермикст сайысында павлодарлық Максим Браунмен жұптасып, ел қоржынына қола жүлде салған-ды.
Нұржан Кенжеұлы