Қоғам

Венгрияда Абайдың ескерткіші бой көтерді

       Венгрияда Абайдың ескерткіші бой көтерді

Мажарлар елі – Венгрияда қазақтың ұлы ақыны һәм ойшылы Абай Құнанбаевтың ескерткіші ашылды.
Шығысеуропалық мемлекеттің астанасы – Будапешттегі Астана көшесінде бой көтерген кеудемүсіннің ашылу салтанаты аталған мемлекетке ресми сапармен барған еліміздің Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтың сапары аясында жүзеге асты. Аталған делегация құрамында облыс әкімі Бердібек САПАРБАЕВ бастаған шығысқазақстандық делегация өкілдері де болды. Ең тамашасы сол, салтанатта біздің облысымыздың жас таланттары Абайдың әндерін венгер тілінде тамылжыта орындады. Көпшілікке түсінікті болу үшін айта кетейік, бұдан екі жыл бұрын Шығыс Қазақстан өзінің атақты жерлесінің кеудемүсінін жасап, Венгрияға жіберу миссиясын міндетіне алған болатын.
Қоладан құйылған бұл кеудемүсіннің биіктігі – 1070 мм, ал көлденеңі – 900 мм.
Орайы келгенде айта кетейік, бұған дейін қазақтың ұлы ақыны, ойшылы һәм ағартушысы Абай Құнанбаевқа Мәскеуде, Бейжіңде, Ташкентте, Витебск мен Тегеранда, сондай-ақ, Стамбулда ескерткіш орнатылса, Лондонда Абай үйі ашылған-ды.
Аталған сапар барысында сондай-ақ, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі мен Венгрияның Хайду-Бихар облыстық муниципалитеті арасында өзара сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени-гуманитарлық байланыстар туралы келісімге қол қойылды.

Осы айдарда

Back to top button