СпортТОП

Велоспорттан көпкүндік жарыс басталды – Өскемен

ШҚО аумағында 53-ші дәстүрлі «Қазақстан оқушысы-2023» көпкүндік велосипед жарысы басталды.

Сайысқа ел аумағындағы спортшылардан бөлек, Өзбекстанның велошабандоздары қатысуда, деп хабарлайды Didar ақпарат.

ШҚО білім басқармасы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының спорттық-бұқаралық және дене шынықтыру-сауықтыру іс-шаралары аясында «Қазақстан велосипед спорт федерациясы» РҚБ-мен бірлесе ұйымдастырылған шара 10 тамызға дейін жалғаспақ. Осымен дәстүрлі түрде 53-і рет өткізіліп жатқан додаға ел аумағынан 11 команда және Өзбекстаннан спортшылар келген.

-Сайыс жеті кезеңнен тұрады. Бірі қала ішінде болса, екіншісі сыртында өтеді. Аталмыш шараға жүзге жуық жас спортшылар қатысуда. Жеңімпаздарды топтық та, жекелей нәтижелер бойынша да анықтайтын боламыз, -дейді ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының өкілі Нұрсұлтан Бекмұратұлы.

Ынтымақ Толқын

 

Осы айдарда

Back to top button