Қоғам

Вакцина алған студенттерге жеңілдік жасалады

Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті вакцина алған студенттерге жеңілдік жасайды.

Аталмыш білім ордасында ақылы бөлімде оқитын студенттер коронавирусқа қарсы вакцина алған жағдайда оқу ақысына 5 пайыз жеңілдік жасалады. Бұл туралы жоғары оқу орнының ректоры Жасұлан Шаймарданов мәлімдеді.

– Біздің ЖОО жаңа оқу жылына дайын. Университет қызметкерлерінің 98 пайызы, студенттердің 62 пайызы вакцина алды. Бұл үрдіс әлі де жалғасатыны сөзсіз. Әрі білім алушыларды ынталандыру мақсатында түрлі шаралар ұйымдастырылуда. Соның бірі оқу ақысына 5 пайыздық жеңілдік жасау, – деді Ж.Шаймарданов брифингте.

Осы айдарда

Back to top button