Қоғам

Вакцина алған адамға демалыс беріле ме?

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ержан Біржанов вакцина алған адамға бір күн демалыс күні беріле ме деген сауалға жауап берді.

– Көптеген адам вакцинациядан кейін өзін нашар сезінеді. Заңнамада вакцинациядан кейін кем дегенде бір күн демалыс күнін алу қарастырылған ба? Егер жоқ болса, мұндай норманы енгізу жоспарланған ба? – деген сұрақ қойылды журналистер тарапынан.

– Қазір жаппай вакцинациялау жүріп жатыр. Менің ойымша, бұл өте дұрыс шара. Өйткені кез келген кәсіпорын қызметінің одан әрі жалғасуы вакцинацияланғандардың санына байланысты болып отыр. Егер адам өзін нашар сезінсе «больничный» аша алады, – деп жауап берді Ержан Біржанов.

Министрдің айтуынша, вакцинадан кейін салыстырмалы түрде денсаулығы нашарлайтын адамдар өте аз. Сондықтан ол барлығына бірдей демалыс күнін бөлу орынсыз деп есептейді.

Осы айдарда

Back to top button