Қоғам

Үйдің құжатын ауыстыру қажет пе?

Жақында ескі үйімді бұзып, орнына жаңасын тұрғызған едім. Білгім келетіні, ескі үйдің орнына тұрғызылған жаңа үй үшін техникалық паспортқа қайта тапсырыс беру қажет пе?

 Дәурен Қайратбекұлы, Өскемен қаласы

Сіздің сауалыңызға «Азаматтарға арналған үкімет» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының директоры Азамат Есембулов  жауап берді:

– Жаңа үй соғылғаннан кейін объектіні пайдалануға қабылдау актісін ресімдеу және құқықтық кадастарға тұрғын үйдің техникалық және сәйкестендіру мәліметтерін енгізу бойынша қызметке тапсырыс беру қажет. Ескі үй бұзылған жағдайда техникалық тексеруден кейін жылжымайтын мүлік объектісін бұзу туралы қорытынды беріледі.

Осы айдарда

Back to top button