Қоғам

Ұсыныс-пікірлер ескерілді

Көкжыра ауылының екі көшесі асфальтталады. Ауыл тұрғындарының бұдан басқа да тілегі баршылық.

Биыл «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша Көкжыра ауылының «жаңаауыл» аталатын бөлігінің бір шақырым 250 метрді құрайтын бір көшесі және «ескіауыл» аталатын бөлігінің үш шақырым 200 метр болатын бір көшесі асфальтталмақ. Аудан әкімінің орынбасары Ерсін Ескендіров осыған байланысты жергілікті қоғамдастық мүшелерімен кездесіп, салынатын асфальттың ені мен ұзындығына, қалыңдығына жергілікті қоғамдастық атқарушы органдармен бірлесе қоғамдық бақылау жасап отырса, жұмыс сапалы жүргізілетінін айтты. Жол салу жұмысын «Зайсан» құрылыс компаниясы атқарады.

Сонымен қатар қоғамдастық өкілдерінің “жаңа мен ескі ауылдың арасын жалғап жатқан жолға құм-топырақ төгіп берсе” деген ұсыныс-пікірлері де назарға алынды.

Тасқын Болатұлы

Осы айдарда

Back to top button