Қоғам

Ұшты, ұшты Volkswagen ұшты

Volkswagen автоөндірушілері енді ұшатын көліктерді шығаруды жоспарлап жүр. Қытайда ұшатын автомобильдерді жасаудың техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеп жатыр, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Басылым мәліметінше, неміс компаниясы Қытайда ұшатын автомобильдерді шығару жұмысын талқылап жатыр.

“Біз бұл тәсілдің индустрияландыру мүмкіндігін анықтау үшін тұжырымдамалар мен серіктестерді техникалық-экономикалық негіздерге сәйкес зерттейміз”, – деп хабарлады компания өкілдері.

Volkswagen компаниясының бас директоры Герберт Дисс пен компанияның Қытай бөлімшесі басшысы Стефан Вулленштейннің Linkedin-ге берген сұхбатында Қытайда лицензия алуға болатын, ұшатын көлік жасау жоспарда бар екенін айтты.

Балауса Мэлсқызы

 

 

Осы айдарда

Back to top button