ҚұқықҚылмысТОП

Ұрланған 19 бас мал иелеріне қайтарылды

Кәмал Естай

Облыстың полицейлері құны 5 миллион теңгеден асатын малдарды 48 сағат ішінде тауып, иелеріне қайтарды.

Шығыс Қазақстан облысының аумағында 28-30 қараша аралығында полиция қызметкерлері мал ұрлығын жасауға, оларды ұстауға және қылмыстық жауапкершілікке тартуға қатысы бар адамдарды анықтауға бағытталған “Мал ұрлығы” республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді.

Екі тәулік ішінде криминалдық полиция қызметкерлері бұрын жасалған мал ұрлығының 10 фактісін ашты, олардың бірі “ауыр” қылмыс болып саналады. Сонымен қатар полицейлер сомасы бес миллион теңгеден астам 19 бас малды қайтарып берген.

Сондай-ақ, тәртіп сақшылары аумақтық ветеринария қызметтерімен бірлесіп мал мен ет өнімдерін тасымалдайтын 400-ден астам машинаны тексерген. Тексеру шаруа қожалықтарында, мал мен ет өнімдерін өткізу орындарында жүргізілді. Нәтижесінде ветеринария саласында 35 құқықбұзушылық анықталса (ҚР ӘҚБтК 406-бабы), оның 22-сі малды немесе етті тиісті құжаттарсыз тасымалдауға қатысты тіркелді.

– 48 сағат ішінде  немесе екі тәулік бойы жүргізілген жедел-профилактикалық іс-шара барысында 80-нен астам мал иесі заңсыз мал баққаны үшін жауапкершілікке тартылды. Аталған бағыттағы жұмыс департамент басшылығының тұрақты бақылауында болады, – деді ведомствоның баспасөз қызметі.

 

Осы айдарда

Back to top button