Қоғам

Ұранқайдағы мектеп қараша айында ашылады

Өңір басшылығы ауыл тұрғындарының туризмді дамытуға қатысты идеяларын қарастырып, қолдауға әзір. Бұл туралы облыс әкімі Даниал Ахметов Күршім ауданының Ұранқай ауылына жасаған іссапары барысында мәлім етті.

Бұл елді мекенде қараша айында заманауи жаңа мектеп ашылады. Бұрын балалар ескі ағаш мектепте оқыған. Жаңа оқу орны барлық жабдықтармен қамтылмақ, сабақ барысындар роботты техника сыныбы, интербелсенді тақталар қолданылатын болады.

Сонымен қатар мұнда ауыл туризмін дамытуға қажет барлық мүмкіндік бар.

– Шекаралық аумақтарды дамыту бағдарламасына енетін жеке жоспар әзірленеді. Қазірдің өзінде бес қонақ үй құрылысының жобасы бар, ал егер тұрғындардың өз идеялары болса, біз оларды қарастыруға және қолдауға дайынбыз, – деді облыс әкімі.

Бүгінде туған жеріне оралғысы келетін жас мамандар көбейген, өйткені олар аталған ауылдың болашағы бар екенін жақсы түсінеді.

Ержан Кеңесұлы

Осы айдарда

Back to top button