«Ұлы дала алтыны» көрмесі Ұлыбританияда өтеді

Облыс әкімі Даниал Ахметовтің қатысуымен Британиядағы Кембридж университетінің «Фицуильям» мұражайында «Ұлы дала алтыны» көрмесін ұйымдастыру барысы талқыланды.
– Қазір облыстық өлкетану мұражайының қызметкерлері ежелгі сақ мәдениетінің ерекше маңызын көрсететін 62 925 бірегей артефактіні экспонаттаудың ғылыми тұжырымдамасын әзірледі. Көрмені өткізу үшін барлық дайындық жұмыстары аяқталды, – деді аймақ басшысы.
Іс-шараның болжамды мерзімі биылғы 28 қыркүйектен 2022 жылғы 27 ақпанға дейінгі аралықты қамтиды.
Айта кету керек, 2019 жылғы наурызда Ресейдің орталық музейінде Берел, Шілікті, Елеке сазы ескерткіштеріндегі кешенді археологиялық зерттеулердің қорытындысы бойынша «Ұлы дала алтыны» көрмесі ұйымдастырылды. Бір айда оған жеті мыңнан астам адам келді.
Didar ақпарат